- Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша міндеттемелердің орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
- Бөлім бастығының тапсырмасы бойынша қоғамның маңызды құжаттарын әзірлеуге және сот талқылауларына қатысу;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өзіне қабылдау;
- жұмыс берушінің және қызметкерлердің мүлкіне ұқыпты қарау;
- келтірілген залалды Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектерде жұмыс берушіге өтеу;
- адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен жұмыскерлер мүлкінің сақталуына қатер төндіретін ахуал туындағаны, сондай-ақ бос тұрып қалу туындағаны туралы жұмыс берушіге хабарлауға;
жұмыс беруші беретін жеке және ұжымдық қорғану құралдарын мүлтіксіз қолдану және мақсаты бойынша пайдалану;
- Еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеу;
- еңбек тәртібін, сондай-ақ жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария жөніндегі нормалардың, қағидалардың және нұсқаулықтардың талаптарын сақтауға міндетті;
- атқаратын лауазымы бойынша өкілеттіктер мен құзыреттер шеңберінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
|