«Мейірім шыршасы»
14 желтоқсан күні университетте «Мейірім» клубының ұйымдастыруымен жаңа жыл қарсаңында шығармашылық конкурс ретінде «Мейірім шыршасы» би кеші өткізілді.
«Мейірім шыршасы» байқауының педагогикалық мақсаты жастардың бос уақытын жақсарту жөніндегі күш-жігерді біріктіру, құндылықты бағдарлауды күшейтуге бағытталған білім беру топтары мен студенттер арасындағы шығармашылық байланыстарды жүзеге асыру болып табылады.
Байқаудың негізгі мақсаттары: студенттік жастардың рухани-адамгершілік дамуына жағдай жасау; мәдени-сауықтыру іс-шараларын жақсарту арқылы ең үздік студенттік еріктілердің еңбегін қоғамға таныту.
Шараға Педагогика және психология институты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ақтоты Ақжолова, ғылыми істер жөніндегі орынбасары Бағдат Маженов, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Даулен Идрисов, еріктілер клубының жетекшісі Гүлбахира Ширинбаева, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Педагогика және психология, Жаратылыстану және география, Филология және көптілді білім беру институттарының, сонымен қатар Сорбонна-Қазақстан институтының студент жастары қатысты.
Конкурс «Мейірімнің үлкен жүрегі» ұранымен әрбір студенттің ішкі әлемін байытуға ықпал еткен жастардың физикалық және эмоционалдық белсенділігін арттыратын достық атмосферасында өтті.
«Мейірім» клубының «Үлкен жүрек» адамның өзін-өзі тану мүмкіндігіне, оның ішкі әлеуетін көтеруге, сондай-ақ жалпыадамзаттық құндылықтарды сақтау, тұтас рухани күшті дамытуға қатысты барлығын қызықтыратын студенттерді біріктірді.
Осыны саналы түсінген, жүрегіндегі қуанышты сезінген, әрбір студент әлемді жақсы жағына қарай өзгертуге, қоғамға риясыз қызмет етуге дайын.
«Үлкен жүрек»! дәл осындай «Мейірім» клубының ұранымен конкурсты ұйымдастырушылар би кешінің мерекелік бағдарламасының соңында эко-клуб және басқа да әлеуметтік жобаларға қатысқан ерікті студенттерге мадақтама және алғыс хаттар табыс етті.
«Жүрекпен, мейірімді болу!», үлкен істер бітіреді», - деген шақыруға мән берген жандардың барлығына - шараны ұйымдастырушы «Мейірім» клубы кеңесінің мүшелері алғыс білдірді. «Осындай көп алғыс сөз есту, осындай көп мадақтаманы табыс ету бізде әлі болмапты... Біздің университете мейірімді жастар қандай көп! Барлықтарыңызға үлкен рахмет».
«Мейірім» еріктілер клубы