қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
21.01.2019

«Менің Ұстазым...» жобасы

 

  

 

2019 жылдың 19 қаңтарында Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Мансап» орталығының ұйымдастыруымен университетіміздің бітіруші түлектерінің бойына ұстаз болуға деген сүйіспеншілікті арттыру және ұстаз мәртебесін көтеру мақсатында «Менің ҰСТАЗЫМ...» жобасы басталды. Жобаның алғашқы қонағы елімізге танымал әнші, композитор Ұшқын Жамалбек болды. Жоба дөңгелек үстел форматында өткізілді.

 

Ұшқын Жамалбек мектеп қабырғасында білім берген ұстаздары туралы жарқын естеліктер мен естен кетпес қызықты сәттерін әңгімелеп берді. Ілгергі ұстаздардың әдеп, білім мен білігі жайлы ой қозғады. Дөңгелек үстелге қатысқан студенттер Ұшқын ағаларына түрлі сұрақтар қойып, жақсы әсермен тарқасты.

 

   

 

   

 

  

 

«Мансап» орталығы