1) Аппарат басшысының қызметі бойынша жұмысты жүзеге асыру;
2) Басқарма төрағасы - ректордың, Аппарат басшысының басқарушылық шешімдері мен тапсырмаларының тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету, орындаушылық тәртіпті бақылауды жүзеге асыру, университет қызметкерлерімен өзара қызмет процесінде ректордың ресми ұстанымын білдіру;
3) Аппарат басшысы жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелердің жұмысын үйлестіру: кадр саясаты басқармасы, іс жүргізу және мұрағат қызметі, заң жұмысы және сатып алуды ұйымдастыру басқармасы, шарттар мониторингі қызметі және көрсетілген қызметтердің сапасы, қоғаммен байланыс департаменті, түлектер қауымдастығы, университеттің қауіпсіздік қызметі және ахуалдық орталық;
4) Басқарма төрағасының - ректордың, Аппарат басшысының тапсырмасы бойынша не өзінің лауазымдық нұсқаулықтары шеңберінде қоғамның барлық құрылымдық бөлімшелерінен қажетті мәліметтерді сұрату және жинау;
5) Аппарат басшысының атына келіп түсетін хат-хабарларды жүйелендіру, қабылдау, қабылданған шешімге сәйкес жұмыс процесінде қолдану немесе жауаптар дайындау үшін нақты орындаушыларға /құрылымдық бөлімшелерге тапсыру;
6) Аппарат басшысының тапсырмасы бойынша іскерлік хат алмасуды жүргізу және мемлекеттік немесе мемлекеттік емес ұйымдарда қоғамның мүддесін білдіру;
7) Басқарма төрағасы - ректордың бұйрықтары мен тапсырмаларының орындалуын ұйымдастыру, Басқарма төрағасы-ректордың бұйрықтары мен тапсырмаларының орындалуына жалпы бақылауды жүзеге асыру, ол болмаған кезеңде аппараттың өз функцияларын үздіксіз және тиімді орындауын қамтамасыз ету, оның қызметінің нәтижелілігіне жауапты болу;
8) келіп түскен құжаттарды құрылымдық бөлімшелердің және нақты орындаушылардың уақтылы қарауына және орындауына бақылау жасау;
9) қоғамның стратегиясын іске асыруды үйлестіру;
10) Ректор аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің ұсыныстары негізінде ағымдағы және перспективалық жұмыс жоспарларын дайындау;
11) Ректор аппаратының мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, ұйымдармен, кәсіпорындармен, мекемелермен, жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылын ұйымдастыру.
12) Басқарма төрағасы - ректорды мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда өкілдік ету үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету;
13) өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттарға қол қою.
|