қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
23.11.2023

Бос лауазымға үміткерлерді іріктеуге өтінім

 

Бос жұмыс орны жабық

 

Бос лауазымның атауы:

Келісімшарттар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау қызметінің басшысы

Құрылымдық бөлімшенің негізгі функционалдық міндеттері:

Басқа ұйымдардың Қоғамға көрсеткен қызметтерінің сапасын мониторингілеу

Негізгі лауазымдық міндеттері:

- Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметімен жасалатын шарттарға мониторинг жүргізеді;

- Қоғамға, сондай-ақ Қоғам қызметкерлеріне Үшінші тарап ұйымдары көрсеткен қызметтердің сапасына мониторинг жүргізеді;

- Кемшіліктерді жою және қаражатты жұмсау бойынша ұсыныстар енгізеді;

- Өндірістік процестердің тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді;

- Қоғамның қолданыстағы бағдарламалық және аппараттық құралдарын тиімді пайдалану бойынша өндірістік процестерді әзірлейді;

- Келіп түскен өтінімдер мен шағымдарға талдау жүргізеді, қажет болған жағдайда оларды қоғамның жетекшілік ететін бөлімше басшысының назарына жеткізеді.

Іссапарларға шығу:

Қажет болған жағдайда

Білімі:

Жоғары техникалық немесе экономикалық білім

Талап етілетін кәсіби тәжірибе (ұзақтығы, саласы, басқалары)

Қаржы саласында немесе ақпараттық қызметтер саласында кемінде 5 жыл, мемлекеттік, коммерциялық, коммерциялық емес немесе халықаралық ұйымдарда жұмыс тәжірибесінің болуы, сондай-ақ басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесінің болуы.

Жеке құзыреттер мен қасиеттер:

Жауапкершілік, ұқыптылық, жаңа білімге ұмтылыс

Тілдерді білуі, мемлекеттік тілді қоса алғанда (меңгеруі тиіс тілдердің тізімі)

Қазақ, Орыс

Компьютерлік дағдылар:

MS Office (Excel, PowerPoint, Word), ZOOM, Teams, электрондық пошта (Outlook Express) пакетін жақсы меңгеру

Түйіндемені тапсыру мерзімі:

2023 жылғы 24 қарашаға дейін

Байланысушы тұлға:

HRTeam@abaiuniversity.edu.kz.

Тұтқабаевой Жұлдыз

тел: 291-18-29.