Главная /
Объявления
29.11.2023 «Қазақ тіл білімі және оқыту әдістемесі: дәстүр және болашағы» республикалық дөңгелек үстел
2023 жылдың 1 желтоқсанында Абай атындағы ҚазҰПУ мен Тіл ғылымы зерттеулерін үйлестіру орталығының ұйымдастыруымен «Қазақ тіл білімі және оқыту әдістемесі: дәстүр және болашағы» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өтеді. Іс-шара филология ғылымдарының докторы, профессор Нұржамал Оралбайқызының 95 жылдығына және профессор есімімен аталатын дәрісхананың ашылуына арналады. Модератор - ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Кәрімбек Құрманалиев.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының құрметті академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Оралбай Нұржамал Оралбайқызы 1989-1997 жылдары Aбай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде проректор, қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі және өмірінің соңына дейін профессор қызметін атқарған. Сонымен қатар, 300-ден астам ғылыми мақалалардың, 20-дан астам оқулықтар мен монографиялық еңбектердің авторы. 70-тен астам ғылым докторлары мен ғылым кандидаттарын даярлап, университеттің жанынан ашылған Докторлық диссертация кеңесінің төрайымы болған.
Көрнекті ғалымға арналған дөңгелек үстел отырысына ҚР ҰҒА академиктері, еліміздің көрнекті тілші-профессорлары қатысып, баяндама жасайды деп күтілуде.
Өткізілетін уақыты: 01.12.2023, сағ. 10:00
Өтетін орны: Алматы қаласы, 050010, Достық даңғылы, 13, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Бас оқу ғимараты
|