Главная
Новости
28.01.2019 «Цифрлы Қазақстан жағдайында үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесін модернизациялау: өзекті мәселелер және шешу жолдары»
24-25 қаңтарда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «05011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс студенттері «Педагогика» кафедрасының профессоры, п.ғ.д. Сәуле Иманбаеваның жетекшілігімен Тараз қаласының Тараз мемлекеттік педагогикалық университетіндегі «Цифрлы Қазақстан жағдайында үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесін модернизациялау: өзекті мәселелер және шешу жолдары» тақырыбындағы IІ Республикалық педагогикалық оқуларына қатысты. Республикалық педагогикалық оқуда Университетіміздің өкілдері 4 номинация бойынша жүлделі орындарға ие болды.
1. «Үздік оқулық» номинациясы бойынша университеттің «Педагогика» кафедрасының профессоры, п.ғ.д. Сәуле Иманбаеваның «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» оқулығы бірінші орынды иеленді.
2. «Үздік инновациялық сабақ (тәрбиелік іс-шара)» номинациясы бойынша І-дәрежелі дипломмен «05011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығығының 2 курс студенттері Қалибек Оңалар, Мұралқан Айжарық марапатталды.
3. Алғыс хатпен: «Педагог мәртебесі» үздік постер бағыты бойынша «05011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс студенттері Орал Мырзақұлов, Мүсіреп Балнұр, Егембердиева Нағима марапатталды.
4. «Үздік сабақ жоспары» номинациясы бойынша «05011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс студенттері Алдоңғар Сымбат, Абдушакиров Азиз, Нұржан Ақнұр марапатталды.
Педагогика кафедрасы |