қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
03.11.2023

Профессор-зерттеуші бос лауазымдарына конкурс жарияланды

 

Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушылық және ғылыми қызметті жүргізу үшін толық штаттық бірлікке профессор-зерттеуші бос лауазымына конкурс өтетіндігін хабарлайды.

 

Профессор-зерттеуші қызметіне үміткер төменде көрсетілген талаптарға сәйкес келуі тиіс:

1) ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесінің; профессор немесе қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағының болуы (ЖОО, ҒЗИ қауымдастырылған профессоры м.а. немесе профессоры ғылыми атағы бар үміткерлер есепке алынбайды);

2) ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 20 (жиырма) жыл болуы;

3) соңғы 5 (бес) жыл ішінде ҚР ҒЖБМ гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде іске асырылған 2 (екі) ғылыми жобаға немесе халықаралық жобаларға ғылыми жетекші немесе зерттеу тобының мүшесі ретінде қатысу тәжірибесінің болуы;

4) соңғы 5 (бес) жылда ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің ғылыми зерттеулердің негізгі нәтижелерін жариялауға ұсынған ғылыми басылымдарда кемінде 4 (төрт) мақаласының болуы;

5) соңғы 5 (бес) жылда Science Citation Index Expanded, Social Science Citation Index, Arts and Humanities Citation Index, Russian Science Citation Index және (немесе) Emerging Sources Citation Index Web of Science деректер базасында индекстелетін және (немесе) Scopus деректер базасындағы CiteScore бойынша процентилі 35 (отыз бестен) кем емес басылымда кемінде 3 (үш) мақаласының болуы; кемінде 2 (екі) Хирш индексінің (H-index) болуы.

Немесе

соңғы 5 (бес) жылда Science Citation Index Expanded, Social Science Citation Index, Arts and Humanities Citation Index, Russian Science Citation Index және (немесе) Emerging Sources Citation Index Web of Science деректер базасында индекстелетін және (немесе) Scopus деректер базасындағы CiteScore бойынша процентилі 35 (отыз бес) кем емес басылымда кемінде 2 (екі) мақаласының болуы; соңғы 5 (бес) жылда Elsevier, Brill, CRC Press, DeGruyter, Edward Elgar Publishing, John Wiley & Sons, McGraw Hill, Palgrave Macmillan, Peter Lang, Prentice Hall, Routledge, Sage Publications, Springer Nature, Taylor and Francis, Wolters Kluwer, Cambridge University Press, Columbia University Press, Cornell University Press, Harvard University Press, MIT Press, Oxford University Press, Princeton University Press, Stanford University Press, University of California Press, University of Chicago Press, University of Michigan Press, Yale University Press баспаларында немесе Academic Ranking of World Universities, Times Higher Education World University Rankings немесе US News Best Global Universities Rankings халықаралық рейтингтерінің топ-100-ге кіретін ЖОО-ның баспасында шығарылған монографиядағы тараудың болуы; Хирш индексінің (H-index) болуы.

 

Конкурсқа қатысу үшін өтінім төмендегілерді қамтиды:

- конкурсқа қатысу туралы өтініш;

- жеке куәліктің көшірмесі;

- түйіндеме/ CV;

- ғылыми дәреже, ғылыми атақ берілгенін растайтын құжаттар;

- үміткердің ғылыми зерттеу жоспары (Research Proposal) (педагогикалық және пәнаралық бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу қызметіне басымдық беріледі);

- соңғы 5 (бес) жылдағы ғылыми еңбектер тізімі;

- ҚР ҒЖБМ ғылыми жобаларына жетекшілік етуі және қатысуы, халықаралық ғылыми жобаларға жетекші және орындаушы болғанын растайтын құжаттар (ҰМҒТСО жүйесінен скриншот, халықаралық ұйыммен келісімшарт);

- жоғарыда көрсетілген үміткерлерге қойылатын талаптарға сай құжаттары бар портфолио (жарияланымдардың көшірмесі, WоS және Scopus базаларындағы жарияланымдардың дәйексөзділік сілтемесі, еңбек кітапшасының көшірмесі) ;

- алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныс хат немесе мінездеме;

- соңғы 5 (бес) жылдағы ғылым және білім саласындағы жетістіктері («Болашақ» стипендиясының иегері, «Үздік ғылыми қызметкер» атағының иегері, ҚР «Жоғары оқу орнының Үздік оқытушысы» атағының иегері, ғылыми жетекшілік тәжірибесі, өнертабыстығы үшін алынған патенттер мен сертификаттары және т.б.).

 

Конкурстық өтінімдер 2023 жылдың 17 қарашасына дейін Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Ғылым департаментіне тапсырылады. Мекен-жайы: Алматы қ., Қазыбек би к-сі, 30, каб. № 209, 203-А. Жауапты тұлға: Ғылым департаментінің директоры Ұ.М. Әбдіғапбарова.

 

Профессор-зерттеуші қызметі туралы ереже, сондай-ақ конкурсқа қатысу өтініші тіркелген.