1.Қоғам қызметіне қатысты ақпараттық бағдарламаларды жоспарлау және ұйымдастыру;
2.Іскерлік және PR - ақпарат көздерінің жүйесін құру;
3.Бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен Қоғамның оң имиджін қалыптастыру;
4.Қоғамның қоғамдық-саяси және басқа да әлеуметтік маңызы бар мәселелерге қатынасын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көрсету;
5.Қоғам дамуының негізгі бағыттары, ЖОО-ның және жалпы саланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы, қоғамның ғылыми, шығармашылық және спорттық жетістіктері туралы материалдарды баспасөзде, радио мен теледидарда тарату;
6.Баспасөзде жарияланған және Қоғамға және жалпы салаға арналған материалдарды жинақтау, талдау және Қоғам басшылығының назарына жеткізу;
7.БАҚ-та қоғам атына айтылған сын-ескертпелерге ден қою;
8.Қоғамның ағымдағы қызметінің өзекті мәселелері бойынша БАҚ-та кездесулер мен сұхбаттарды ұйымдастыру;
9.Студенттер мен педагогикалық ұжымның жетістіктері, Қоғам мен оның бөлімшелерінің қызметі туралы бейнероликтер дайындау, бейне және фотоматериалдар жасау және жаңарту;
10.«Abai University» университеттік газетінің кезекті және арнайы нөмірлерін дайындау;
11.Сыртқы ортада қоғамның имиджін сақтау және жақсарту бойынша жұмысты ұйымдастыру;
12.Институттармен, кафедралармен және басқа құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп университет ішінде ақпарат алмасуды қолдау және жақсарту бойынша жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру;
13.Қоғамның оң имиджін қалыптастыру бойынша ұсынымдар әзірлеу мақсатында қоғамдық пікірді зерделеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
14.Қоғамның Web-сайтын ақпараттық қолдау.
|