қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
19.02.2024

Білім берудегі тюнинг бойынша халықаралық нетворкинг өтеді

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология институты «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасы  2024 жылдың 10 сәуірінде ғалым-дидакт, педагогика ғылымының докторы, профессор Талғат Сабыржанұлы Сабыровтың туғанына 95 жыл толуына арналған «Білім берудегі тюнинг: дидактика, психодидактика, социодидактика, кибердидактика, нейродидактиканың тоғысуындағы әлемдік тәжірибенің даму тенденциялары» тақырыбында халықаралық нетворкинг өткізеді.

 

Нетворкингтің мақсаты - ғалым-дидакт, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Талғат Сабыровтың педагогикалық мұрасын насихаттау, педагогика ғылымының тоғысындағы әлемдік нәтижелер мен даму бағыттарын саралау, Абай университетінің тәжірибесімен бөлісу.

 

Невторкингке ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлар құрамы, білім беру жүйесінің басшылары,  мұғалімдер,  докторанттар, магистранттар, студенттер және жас ғылыми зерттеушілер қатыса алады.

 

Халықаралық нетворкинг 2024 жылдың 10 сәуірінде офлайн және онлайн режимінде өтеді.

 

Нетворкинг жұмысының бағыттары:

1. Т.С.Сабыровтың Қазақстан дидактикасына қосқан үлесі;

2. Оқу мен оқытудағы заманауи трендтер;

3. Білім берудегі тюнинг: педагог қызметіндегі инновациялық іс-әрекеттер;

4. Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің өзекті мәселелері.

 

Нетворкингтің ресми тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

 

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: 050010, Алматы қ., Төле би көшесі, 31, Абай атындағы ҚазҰПУ, Педагогика және психология институты, «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасы, 30 каб.

 

Телефон: 87771555568 Алимбекова Анар Аймолдановна, 87054674187 Булшекбаева Асем Исаевна. е-maіl: networking2024@bk.ru

 

Ақпараттық хат