қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
15.03.2024

Бос лауазымға үміткерлерді іріктеуге өтінім

 

Бос лауазымныңатауы:

Қоғаммен байланыс департаментінің

СММ-маманы

Негізгі лауазымдықміндеттері:

1.​Қоғамның әлеуметтік желілерін жүргізужәне дамыту жөніндегі жұмысты іске асыруға; 

2.​әлеуметтік желілерде жарнамалықматериалдарды дайындау және орналастыру; 

3.​мақсатты аудиторияны тарту, қараламдар, оқырмандар санын көбейту бойынша жұмысжүргізу; 

4.​аудиториямен байланыс орнатуға, сұрақтарға жауаптар, түсініктемелер дайындауға; 

5.​жарияланатын ақпараттардыңжоспарларын құруға; 

6.​бәсекелестік ортаға мониторинг жәнеталдау жүргізуге; 

7.​талдамалық есептерді дайындауғақатысуға; 

8.​университеттің қызметі туралы іс-шараларды әлеуметтік желілерде жариялауға; 

9.​сыртқы және ішкі ақпарат көздеріменжұмыс істеуге, оны әлеуметтік желілердежариялау үшін іріктеуді жүргізуге; 

10.​департамент директорының қызметтіктапсырмаларын орындауға міндетті.

Іссапарларға шығу:

Қажет болған жағдайда 

Білім:

Жоғары білім  

Талап етілетін кәсібитәжірибе (ұзақтығы, саласы, басқалары)

Тиісті лауазым бойынша жұмыс тәжірибесінің   болуы құпталады.

Кәсіби құзыреттер:

Копирайтинг пен мобилографияны сенімдімеңгерген, аналитикалық құралдармен, графикалықжәне видеоматериалдармен тиімді жұмыс істей білу.

Жеке құзыреттер мен қасиеттер:

Жауапкершілік, ұқыптылық, әдептілік, стресскетөзімділік, шығармашылық, ұйымдастырушылық, тез үйрену қабілеттерінің болуы маңызды.

Мемлекеттік тілді қосаалғанда, тілдерді білуі(кандидат меңгеруі тиістілдердің тізімі)

Қазақ тілі - еркін

Орыс тілі - еркін

 

Түйіндемені тапсырумерзімі:

2024 жылғы 21 наурызға дейін

Байланысушы тұлға:

8 778 908 09 20 Римма Абдықадырқызы

hrteam@abaiuniversity.edu.kz