Главная
Новости
14.02.2019 «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» декадасының аяқталу салтанаты
2019 жылдың 12 ақпанында, Рухани жаңғыру аясындағы «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбындағы Декаданың жабылу салтанаты «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне орай өткізілген «Жүрек ізгілік мекені» қорытынды конкурсымен аяқталды.
Декаданың қорытынды жабылу шарасына: Педагогика және психология институты директоры, профессор Берікжан Әлмұхамбетов, «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасының меңгерушісі Ұлбосын Қияқбаева, кафедраның оқытушылар құрамы: Мираш Сураншиева, Назира Атемкулова, Ғалия Абылбакиева, Мағрипа Ибраева, Асем Бөлшекбаева, Назгүл Дайрабаева, «Мейірім» клубының жетекшісі Гүлбахира Ширинбаева, «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша еріктілер және Абай атындағы ҚазҰПУ-дың студент жастары қатысты.
«Жүрек ізгілік мекені» конкурсының мақсаты - студенттердің болашақ педагог тұлғасы ретінде жүректе және санада рухани-адамгершілік өзгеруіне ықпал ететін құндылықты әлеуетін айқындау. Мақсатқа қол жеткізу «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын интеграциялау аспектісін әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттерді жетілдіру арқылы жүзеге асырылады. Осы негізде декада барысында өткізілген шаралар қорытындысы бойынша «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы студенттерінің арасында, «Ақиқат», «Дұрыс әрекет», «Сүйіспеншілік», «Ішкі тыныштық», «Қиянат жасамау» жалпыадамзаттық құндылықтардың финалист-командалары анықталды.
«Жүрек ізгілік мекені» конкурсы екі кезеңде өткізілді.
1-кезең. «Өзін-өзі тану біздің өмірде» тақырыбында топтық таныстыру. Құндылықтардың мәнін ашу идеясының рухани тереңдігі және «Өзін-өзі тану» ықпалдастыру аспектісінде әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың маңызы.
2-кезең. Сахналау конкурсы. Жалпыадамзаттық құндылықтарды түрлі көркем шығармаларға интеграциялау. Қазылар алқасы бекіткен критерииге сәйкес бағаланатын тұтастық Әлем, қоғам, табиғат туралы креативті идеялар.
Қатысушылар қойған нәтижелерді қазылар алқасы құрамына кірген Педагогика және психология институты директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Даулен Идрисов, университеттің Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы Ділдәбек Дидарбек, «Өзін-өзі тану» пәнінің оқытушылары Айгүл Ахметова және Сағыныш Ошақбаева бағалады.
Ең жоғары балл жинаған команда конкурс жеңімпазы болып саналды. «Жүрек ізгілік мекені» конкурсының қорытындысында қазылар алқасы І, ІІ, ІІІ орындарға ие болған қатысушыларды анықтап, бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапаттады.
Жалпыадамзаттық құндылықтар арасындағы жеңімпаз командалар: І. «Сүйіспеншілік» тобы, ІІ. «Қиянат жасамау», «Қиянат жасамау» топтары, ІІІ. «Ішкі тыныштық», «Ақиқат» топтары.
«Мейірім» еріктілер клубы |