IAAR рейтингтік агенттігінде халықаралық институционалдық аккредиттеу
Құрметті оқытушылар, қызметкерлер және білім алушылар!
Біз, Абай атындағы ҚазҰПУ КеАҚ IAAR рейтингтік агенттігінде халықаралық институционалдық аккредиттеу рәсімінен өтетінін қуана хабарлаймыз!
Халықаралық аккредиттеу университеттің білім беру мен ғылыми қызметінің жоғары сапасын әлемдік деңгейде мойындау болып табылады. Бұл университеттің академиялық артықшылық орталығы ретінде қалыптасуындағы және оның халықаралық ықпалының өсуіндегі маңызды қадам.
Аккредиттеудің артықшылықтары:
• Білім беру стандарттарының жоғары деңгейін растау;
• Білім беру үдерісі мен ғылыми жұмыстың сапасын жақсарту;
• Студенттер мен оқытушылар үшін халықаралық серіктестіктер мен мүмкіндіктерді кеңейту;
• Әлемдік еңбек нарығында түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және т.б.
Біздің университет дамуының осы маңызды кезеңіне белсенді қатысуыңызды сұраймыз. Сіздің қолдауыңыз бен аккредиттеу үдерісіне қосқан үлесіңіз бізге жаңа биіктерге жетуге және әлемдік деңгейде білім сапасын қамтамасыз етуге көмектеседі. Сіздің қолдауыңыз маңызды!
IAAR сыртқы сараптама комиссиясының университетке сапары 02.05.2024-04.05.2024 ж. жоспарланған.