қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
18.02.2019

«Этносаралық келісім - ұлт бірлігінің негізі»

 

  

 

16 ақпанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Этносаралық келісім - ұлт бірлігінің негізі» жастар форумы өткізілді.

 

Форумға шақыртылған арнайы қонақтар: Қазақстан Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко, Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты Талғат Мұсабаев, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедралар Қауымдастығының президенті Анатолий Башмаков, Алматы қаласы, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Қазбек Мамсұров, сонымен қатар Университетіміздің оқытушылары мен студенттері, қаланың жоғары оқу орындары, Алматы қаласының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

 

Форумды Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаев ашып, құттықтау сөз сөйледі:

 

«2018 жылдың 23 мамырында Университетте «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының ашылу салтанаты өтті. Бұл біздің университетіміз үшін өте маңызды, ерекше оқиға. Қазақстан халқы Ассамблеясы Елбасының жанындағы консультативтік-кеңесші орган мәртебесіне ие.


2007 жылғы мамыр айында Қазақстан Республикасы Конституциясына бірқатар өзгерістер енгізілді. Қазақстан халқы Ассамблеясына конституциялық мәртебе берілді, ол ҚР Парламенті Мәжілісіне тоғыз депутат сайлау құқығына ие болды. Осы арқылы Ассамблеяның қоғамдық-саяси рөлі айтарлықтай артты. 2008 жылғы 20 қаңтарда Президент «Қазақстан халқы Ассамблеясы» туралы әлемде баламасы жоқ заңға қол қойды. ҚХА еліміздің саяси жүйесінің толыққанды субьектісіне айналды. Оның қызметінің нормативтік құқықтық негіздері айқындалды.

 

Бүгінде бұл ұйымдық құрылым ғана емес, біздің өміріміздің ажырамас бөлігі, бейбітшілік пен бірліктің символы. Елдің барлық этномәдени бірлестіктерінің бірігуі арқылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің көпұлтты елде сындарлы диалог пен өзара түсіністікті қалыптастыра алатын ұйым құрды.

 

2019 жылдың ақпан айынан бастап біз бірінші курс студенттеріне арналған «Н.Ә. Назарбаевтың қазақстандық, этносаралық келісімінің моделі» жаңа оқу пәнін енгізіп жатырмыз», - деді ректор Такир Балықбаев форум қатысушыларына өз сөзін қорытындылай отырып. - «Н.Ә. Назарбаевтың қазақстандық, этносаралық келісімінің моделі» пәні - табысты дамып келе жатқан әлеуметтік құрылым - Қазақстан халқы Ассамблеясының барлық мәселелеріне арналған.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі профессор Георгий Кан «Этносаралық келісім - ұлт бірлігінің негізі» тақырыбында баяндама жасады. «Н.Ә. Назарбаевтың қазақстандық, этносаралық келісімінің моделі» баяндамасында форумға қатысушыларға назар аударуы қажет маңызды мәселелерді атап өтті: «... Мемлекет басшысы қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға үлкен мән қойып келеді. Елде этносаралық және конфессияаралық тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығы әрбір үндеуінде атап өтіледі. Халықаралық саясатты іске асыру кезінде Президент қазақ халқының менталитетін, оның басқа этникалық топтарға деген дәстүрлі толерантты көзқарасына сүйенді».

 

«Н.Ә. Назарбаевтың қазақстандық, этносаралық келісімінің моделі» баяндамасы шынайы қызығушылық туғызды. Сонымен қатар, Георгий Кан өз баяндамасында «Қазақтану» және «Ұлы Даланың Жеті қыры» бағдарламалары бойынша бірқатар мәселелерді талқылап, Қазақстан тарихының түрлі мәселелерінің бұрын шешілмеген аспектілері бойынша қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылды. Бұл жоғары білім саласындағы алғашқы тәжірибе, білім алушыларға оқытылатын бұл пәннің мазмұны біздің еліміздің этносаралық келісімі саласындағы тәжірибені қамтиды.


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасының орынбасары Владимир Божков Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында талқыланған жалпы саяси мәселелерге тоқталды және Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелеріне ҚР Президентінің қолы қойылған куәліктерді табыс етті.

 

Талғат Мұсабаев ғарыштағы робот туралы және ҚР Парламенті Сенатының депутатты ретіндегі қызметі туралы айтып өтті.

 

«Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедралары Ассоциациясының Президенті Анатолий Башмаков «Қазақстандық бірегейліктің әлеуеті және қоғамдық сананы жаңарту: синергия әсері» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада қоғамдық сананы жаңғырту мәселесі бойынша жаңа көзқарас таныстырылды. Оңтүстік Қазақстан астанасының этномәдени бірлестіктерінің жұмысы туралы сөз сөйлеген Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазбек Мамсұровтың баяндамасы өте ақпаратты болды. Ол сондай-ақ, университет ректоры Такир Балықбаевқа «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасына қолдау көрсеткеніүшін алғысын білдірді. Барлық баяндамашылар «Н.Ә. Назарбаевтың қазақстандық, этносаралық келісімінің моделі» пәнін оқу жоспарына енгізудің маңыздылығына және бұл пәннің мәселесін ғылыми деңгейде зерттеуге серпін беретіндігіне тоқталды.

 

Университеттің «Бірлік» студенттік бірлестігінің құттықтау сөзі ұсынылды. Олар Абай шығармашылығын қолданып, Абайдың ұлтаралық келісім мәселелерін қалай қолдайтынын туралы қойылым дайындады.

 

Форумға Алматы қаласының жеті этномәдени бірлестігінің өкілдері қатысты: Украина мәдени орталығы, Алматы Корей мәдени орталығы, Ұйғыр, Ауған, Қырым-татар, Орыс, Күрт мәдени орталықтары және т.б. Қонақтар университет мұражайының 90-жылдық мерейтой қарсаңында жабдықталған жаңартылған экспозицияларымен, «Н.Ә. Назарбаевтың қазақстандық, этносаралық келісімінің моделі» жаңа пәнінің презентациясымен танысты.

 

Іс-шараның соңында университет ректоры қорытынды сөз сөйледі: «... этносаралық келісім, қоғамдағы толеранттылық пен бірлік ұлттық мәдениеттерді, тілдерді және дәстүрлерді қалпына келтіруге, сақтауға және дамытуға көмектеседі». Сонымен қатар форум қонақтарына мерейтойлық медалдар табыс етілді.