Главная
Новости
26.02.2019 Жастар жылы-2019: біз спортпен достасамыз!
22-23 ақпанда «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының ұйымдастыруымен студенттер арасында «Жастар жылы-2019» тақырыбына орай студенттер үстел тенисі, баскетбол, волейбол және кіші футбол спорт түрлері бойынша сынға түсті.
үстел теннисі: 1-ші орынды Тарих және құқық институтының командасы; 2-ші және 3 -ші орындарды Математика, физика және информатика институты, Жаратылыстану және география институтының командалары жеңіп алды; волейбол: 1-ші орынды Өнер, мәдениет және спорт институты; 2-ші орынды Жаратылыстану және география институтының командасы; 3-ші орынды Тарих және құқық институты иеленді; баскетбол: 1-ші орынды Сорбонна-Қазақстан институты; 2 -ші орынды Өнер, мәдениет және спорт институты; 3 -ші Жаратылыстану және география институты иеленді.
Жеңіске жеткен командалар арнайы дипломдармен марапатталды.
Дене шынықтыру және спорт кафедрасы |