қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
27.06.2024

Бітіруші түлектерге диплом табыстау рәсімі өтеді


Құрметті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессор - оқытушылар құрамы мен қызметкерлері және бітіруші түлектер!


2024 жылғы шілде айының 5 жұлдызында Абай университетінің Басқарма Төрағасы - Ректор Болат Тілептің қатысуымен бітіруші түлектерге диплом табыстау рәсімі өтетінін хабарлаймыз!


Ректордың арнайы диплом табыстау рәсіміне мемлекет және қоғам қайраткерлері, қоғамдық қызметтерде жүрген белгілі азаматтар қатысады деп жоспарлануда.


Салтанатты шараға әр факультеттен академиялық жетістіктермен бірге Халықаралық және Республикалық білім, спорт, өнер додаларында университетіміздің намысын қорғап жүрген 80 бітіруші іріктеліп алынған. Сонымен қатар, оқу ордасының қоғамдық өміріне белсене араласқан жастар да назардан тыс қалмайды.


Қазақ білімінің қарашаңырағы атанған Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 96-шы түлектеріне салтанатты түрде диплом табыстау рәсіміне қатысып, университет мақтанышына айнала білген түлектердің қуанышын бірге бөлісуге шақырамыз!


Өтетін күні: 05.07.2024 ж.
Уақыты: 11:00
Өтетін орны: Достық, 13, Бас оқу ғимаратының алаңы