қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
02.07.2024

Педагогикалық мамандыққа түсушілер назарына!


Абай университетінің «Педагогикалық ғылымдар» білім беру бағытына оқуға түсу үшін тапсырылатын арнаулы емтихан «Педагогикалық тест» басталғанын хабарлайды. Бұл емтиханды тек педагогикалық мамандықтарға түсетін талапкерлер тапсырады.

 

Биыл педагогикалық тест форматы - оффлайн.

Емтихан тапсыру уақыты - 24 тамызға дейін.

Грант бөліміне құжат тапсыратын талапкерлер үшін дедлайн - 13 шілдеге дейін.

 

Ескерте кетейік:

 

Емтиханды кез-келген оқу орнынан немесе тұрғылықты қалаңыздағы жоғарғы оқу орнынан тапсыруға болады, ең бастысы растайтын құжат қажет.

Тіркелген соң 2 жұмыс күні ішінде сайтқа емтиханның күнтізбесі шығады.

Сертификатты жұмыс уақытында жеке басын куәландыратын төлқұжаттың түпнұсқасымен келіп алып кетесіз!

 

Абай университетінде тапсыру сілтемесі: https://abiturient.abaiuniversity.edu.kz/ped-exams.php


Тапсыру мекенжайы: Алматы қаласы, Төле би көшесі, 31


Басқа да сұрақтар бойынша қабылдау комиссиясының қызметкерлеріне хабарласуыңызды сұраймыз.

Тел.: 8 727 291 57 68

Call-орталығы: 8 727 221 85 14

 

Сәттілік!