қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
03.07.2024

«Оқытушылар мен зерттеушілерге арналған жазғы институт» жобасы


Ресей Федерациясының Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен «оқытушылар мен зерттеушілерге арналған жазғы институт» жобасы 2024 жылдың 29 шілдесінен 11 тамызына дейін екінші рет Псков мемлекеттік университетінің алаңында өтеді.

 

Жобаға Беларусь Республикасы, Өзбекстан, Тәжікстан, Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Абхазия және ТМД мен алыс шет елдердің жоғары оқу орындары, зерттеу институттарының жас оқытушылары және ғылыми қызметкерлері қатысады.

 

Псков Мемлекеттік университеті базасында «Орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі ретінде» бағыты бойынша оқыту жүзеге асырылады. Оның мақсаты - ТМД және жақын шетелдерден келген зерттеушілер мен оқытушыларды Ресейдің ғылыми-білім беру ортасына тарту, гуманитарлық, ең алдымен филологиялық ғылымдар саласындағы білім беру, зерттеу және жобалау кооперациясын құру және дамыту.

 

Жобаға қатысушылар Псков мемлекеттік университетінің филология мектебінің және оның жоба бойынша серіктес ұйымдарының ғылыми-зерттеу мәселелері мен білім беру дәстүрлеріне енеді, ұлтаралық қарым-қатынастың коммуникациялық негіздерін, қазіргі әлемдегі ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі орыс тілінің рөлін, орыс тілін шетелдік мектептерде оқытудағы проблемалар мен оларды шешу жолдарын зерттеу мәселелерімен айналысатын жетекші орыс ғалымдарымен танысады.

 

Білім беру блогы шеңберінде үш модуль бойынша жұмыс көзделеді: «Ұлтаралық қарым-қатынастың коммуникациялық негіздері. Орыс тілінің әлемдегі рөлі», «Шетел мектебінде орыс тілін оқыту мәселелері», «Орыс тілінің ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі лингвомәдени сипаттамасы». Тыңдаушылар сонымен қатар А.С. Пушкин атындағы мемлекеттік орыс тілі институтында, Санкт-Петербург мемлекеттік экономикалық университетінің гуманитарлық факультетінде, Ресей Халықтар Достығы университетінде тағылымдамадан өтеді.

 

Мәдени-демалыс блогы Псков және Псков облыстары бойынша экскурсиялық бағдарламаны, «Плескава» фольклорлық ансамблінің орыс дәстүрлері мен халықтық әдет-ғұрыптары бойынша мастер-класстарды және Псков Мемлекеттік университетінің «Отцы и дети» оқытушылары мен студенттері тобының «Поем классику» интерактивін қамтиды. Қатысушылар сонымен қатар А.С. Пушкин атындағы Псков драма театрына және Псков облыстық филармониясына барады.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ атынан жазғы мектепке қатысу үшін: шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Назым Конакбаева, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының докторанты Зарина Канафина және жетекші маман Асылзат Кудайбергенова таңдалды.