қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
31.07.2024

Құрметті Абай университетінің студенттері!


Абай университеті жаңа оқу жылында студенттерді жатақхана орындарымен қамтамасыз ету мақсатында бес жатақхананы жалға алған болатын. Университетіміздің 1550 орынға есептелген бұл жатақханаларында студенттердің жайлы әрі қауіпсіз тұруына барлық жағдай жасалған. Сіздерге ыңғайлы болуы үшін әр жатақхана туралы маңызды ақпараттарды ұсынамыз:


№1 жатақхана
• Мекенжайы: Самал-2, 88а
• Орындар саны: 180
• Құны: 39 500 теңге
• Wi-Fi, әр бөлмеде жуынатын бөлме және ас үй, университетке жақын
• Автобус: 141; 48.


№2 жатақхана
• Мекенжайы: 12 шағын ауданы, 15А
• Орындар саны: 550
• Құны: 35 000 теңге
• Wi-Fi, коворкинг, әр бөлмеде жуынатын бөлме
• Автобус: 18; 66 және метро.


№3 жатақхана
• Мекенжайы: Бәрібаев көшесі, 35
• Орындар саны: 200
• Құны: 50 000 - 60 000 теңге
• Wi-Fi, коворкинг, әр бөлмеде ас үй және жуынатын бөлме, университетке жақын
• Автобус: 118; 16.


№4 жатақхана
• Мекенжайы: Қазыбек би көшесі, 168
• Орындар саны: 240
• Құны: 60 000 теңге
• Wi-Fi, күніне 3 мезгіл тамақтану
• Автобустар: 201; 206.


№5 жатақхана
• Мекенжайы: Өтеген батыр көшесі, 33
• Орындар саны: 380
• Құны: 30 000-40 000 теңге
• Жаңа, Wi-Fi, әр бөлмеде жуынатын бөлме және ас үй, бір бөлмеде 2 адам
• Автобус: 201; 206.


Жатақханадан орын алу үшін Қазыбек би, 30/1 мекенжайында орналасқан Ахуалдық орталығының мамандарына хабарласуыңызды сұраймыз.

 

Байланыс телефоны: 8 727 293 88 67.