қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
04.03.2019

«Жұмадағы жүздесу» жобасы

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Мансап» және «Smart studendts» орталықтарының ұйымдастыруымен «Жұмадағы жүздесу» жаңа жобасы басталды.


Жобаның мақсаты - қоғамға белгілі тұлғалармен студенттердің арасында рухани байланыс орнату. Қазақ көшінің керуеніндегі ұрпақтар арасындағы сабақтастықты жаңғырту. Алдыңғы буынның игі істері мен көңіл марқайтар қуанышын кейінгі буынға үлгі ету.

 

Жобаның алғашқы қонағы университеттің Филология және көптілді білім беру институтың директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Балтабай Әбдіғазиұлы болды. Балтабай Әбдіғазиұлы жастармен руханият жайлы әңгіме қозғап, жастық шақтың қызықты сәттерімен бөлісті. Жастар ұйып тыңдап, зор әсермен тарқасты.

 

   

 

   

 

   

 

«Мансап» орталығы