қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
12.08.2024

Абай университеті постдокторантура бағдарламасы бойынша конкурс жариялайды


Абай атындағы ҚазҰПУ постдокторантура бағдарламасы бойынша бос орындарына орналасуға конкурс өтетіндігін хабарлайды.

 

Постдокторлық бағдарламаға 40 жасқа дейінгі (қоса алғанда), ғылыми қызметпен, жаңа ғылыми бағыттарды дамытумен белсенді айналысатын Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын жас ғалымдар қабылданады.

 

Үміткер Постодокторантура туралы Ережеде көрсетілген талаптарға сәйкес келуі тиіс.

 

Конкурсқа қатысу үшін өтінім мыналарды қамтиды:


- конкурсқа қатысу туралы өтініш;

- жеке куәліктің көшірмесі;

- түйіндеме/ CV;

- PhD докторы дипломының көшірмесі;

- Постдокторантура кезеңіндегі үміткердің ғылыми зерттеулер жоспары (Research Proposal) (басымдық педагогикалық және пәнаралық бағыттар бойынша ғылыми-зерттеулерге беріледі);

- ғылыми еңбектер мен өнертабыстары үшін берілген патенттер тізімі;

- үміткерлерге жоғарыда көрсетілген талаптарды растайтын құжаттары бар портфолио (жарияланымдардың бедерлері, WоS пен Scopus базаларындағы жарияланымдардың дәйеккөздік көрсеткіші, сертификаттар мен патенттер, еңбек кітапшасының көшірмесі);

- 2 (екі) ұсыныс хат және/немесе алдыңғы жұмыс орындарынан 2 (екі) мінездеме;

- соңғы 5 (бес) жылдағы ғылым және білім саласындағы жетістіктерін растайтын құжаттар («Болашақ» стипендиясының иегері, Мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері, талантты жас ғалымдарға арналған ғылыми стипендияның иегері, «Үздік ғылыми қызметкер» атағының иегері, ҚР «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағының иегері, ҚР ҒЖБМ ғылыми жобаларына жетекшілік ету және қатысу, халықаралық ғылыми жобаларға жетекшілік ету және қатысу, ғылыми басшылық тәжірибесі және т. б.).

 

Конкурстық өтінімдер 2024 жылдың 29 тамызына дейін Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Ғылым департаментіне тапсырылады.

 

Мекенжайы: Алматы қ., Қазыбек би к-сі, 30, каб. № 209, 203-А. Жауапты тұлға: Ғылым департаментінің директоры Ұ. М. Әбдіғапбарова.

 

Постдокторантура туралы ереже тіркелген.