Главная
Новости
04.03.2019 Студенттердің ҚазҰПУ түлегі Құралай Нұрқаділовамен кездесуі
4 наурызда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Өнер, мәдениет және спорт институтының 50-жылдығына орай «Қаржысыз бизнесті қалай бастауға болады?» тақырыбында университет түлегі Құралай Нұрқаділовамен кездесу өтті.
Құралай Нұрқаділова - қазақстандық дизайнер, суретші, стилист, «KURALAI» сән үйінің басшысы, «Kazakhstan Fashion Week» және Мәскеу мен Екатеринбург қалаларында өтетін сән апталығының тұрақты қатысушысы. Алғашқы шығармашылық қызмет жолы 1990 жылы «Азия Дауысы» ән байқауында режиссердің көмекшісі қызметінен басталды. 1992 жылы Алматы мемлекеттік университетінің Көркем-сурет және графика факультетін бітіргеннен кейін, алғашқы киім топтамасын 1992 жылы «Сымбат» сән үйінің негізінде дайындап шықты. «Сымбат» сән үйінде бір жыл бойы авторлық бөлімдегі суретші-модельер қызметін атқарған болатын.
Кездесу барысында университеттің бірінші проректоры Мақтағали Бектемесов аталмыш кездесудің маңыздылығын атап өтіп, университет түлегі Құралай Нұрқаділоваға алғысын білдіріп, оған университеттің 90 жылдығына арналған медалін табыс етті.
Кездесу өте жақсы өтті. Студенттер көптеген қызықты, жаңа және пайдалы ақпарат алды. Табысты бизнесвумен мен студенттер арасында өмірлік қиындықтардан қорықпай, болашақты қалай бастау керектігі туралы еркін пікірталас өтті.
Түлектер қауымдастығы |