қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
05.09.2024

Ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыру конкурсы


«Ғылым қоры» АҚ «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті» атынан 2025-2027 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың неғұрлым перспективалы жобаларын гранттық қаржыландыруға конкурс өткізетіні туралы хабарлайды.

 

Өтінімдерді қабылдау 2024 жылдың 9 қыркүйегінде басталады.

Өтінімдерді қабылдауды аяқтау мерзімі - 2024 жылғы 9 қазан.

 

Конкурсқа қатысуға өтінімдер мынадай басым бағыттар бойынша қабылданады:

 

1. Экология («Жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы);

2. Су үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру технологиялары («Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдама; энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы 2023-2029 жылдарға арналған даму Тұжырымдамасы);

3. Электр энергетикасы. Мұнай-газ химиясы. Көмір химиясы. (Электр энергетикасы саласын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы; отын-энергетика кешенін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы);

4. Геологиялық барлау. Тау-кен металлургия кешені. Сирек және сирек жер металдарын өндіру. (Геология саласын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы);

5. Өңдеу өнеркәсібі. Металлургия, машина жасау, химия өнеркәсібі. (Өңдеу өнеркәсібін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы);

6. Цифрлық және ғарыштық технологиялар (цифрлық трансформация, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және киберқауіпсіздік саласын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы; ғарыш саласын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы);

7. Сапалы білім беру (мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы; жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы);

8. Денсаулық сақтау. Салауатты өмір салтын қалыптастыру және аурулардың алдын алу. (Денсаулық сақтауды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы);

9. Агроөнеркәсіптік кешені. АӨК өнімдерін қайта өңдеу. (Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы);

10. Экологиялық туризм, агротуризм, этнографиялық туризм (Туристік саланы дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы);

11. Ұлттық қауіпсіздікті нығайту (Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары);

12. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген экономиканың өзге де секторлары.

 

Конкурсқа қатысуға өтінім беру үшін 2024 жылғы 25 қыркүйекке дейін ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру кеңсесінің жетекшісі Керімбеков Тоқтарға ақпарат беруді сұраймыз. Конкурстық құжаттаманы түсіндіру және өтінімді дайындау мәселелері бойынша консультацияны №1 оқу корпусында, Қазыбек би 30, 209 кабинетте алуға болады.

 

Жауапты тұлға: Кеңсе басшысы Керімбеков Тоқтар

Элек.пошта: t.kerimbekov@abaiuniversity.edu.kz

Тел: 8-775-7744504

 

Конкурстық өтінімдер мына сілтеме бойынша www.is.ncste.kz Сараптама орталығының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - ААЖ) арқылы жоба тобы мүшелерінің, жоба жетекшісінің және Өтінім берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық түрде қабылданады.

 

Конкурстық құжаттама:

 

https://www.ncste.kz/kz/kommerczializacziya-25-27