қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
11.09.2024

Бос жұмыс орны: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің комплаенс офицері


«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі, 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы 13, 2024 жылғы 11 қыркүйектен 2024 жылғы 20 қыркүйекке дейін «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің комплаенс офицері бос лауазымына конкурс жариялайды.

 

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:


Комплаенс офицерінің комплаенс қызметіне жоғары заң білімі бар, басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар тұлға тағайындалады.


Комплаенс қызметінің комплаенс офицері Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңдарын, білім беру қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, ұжымдық шарттарды жасасу және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу тәртібі; еңбек заңнамасы, еңбекті қорғау ережелері мен нормалары, сапа саласындағы қоғамның саясаты мен мақсаттары; еңбек және азаматтық заңнама, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың менеджмент жүйесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты, мүдделер қақтығысын шешу саясаты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі басқа да ішкі нормативтік құжаттарды білуі керек.


Конкурсқа қатысу үшін Корпоративтік хатшыға мынадай құжаттарды ұсынады:


1) өтініш;
2) конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) резюме;
4) білімі туралы құжаттар мен қосымшалардың көшірмелері;
5) жұмыс орны (қолданыстағы не соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;
7) комплаенс қызметінің одан арғы қызметі бойынша өзінің көзқарасының презентациясымен таныстыру.


Конкурстың өтетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде Корпоративтік хатшыға мына мекенжай бойынша тапсыру қажет: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13, каб. 304, телефон: 8-747-988-0925; email: a.zhumadilov@abaiuniversity.edu.kz