Главная
Новости
07.03.2019 Тарих және құқық институтының сараптамалық қорытынды баяндамасы
5 наурызда университеттің Ғылыми кеңес мәжілісінде Тарих және құқық институты оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмысының жағдайы мен даму болашағы жайлы сараптамалық есебін берді.
Есеп беру барысында институт директоры Болат Жұмағұлов институтта 2016/2017, 2017/2018, 2018/2019 оқу жылдарындағы атқарылған іс-шараларды айта келе, жетістіктерге талдау жасады.
Есеп беру нәтижесін қорытындылай келе, болашақта оқу, оқу-әдістемелік, оқу үдерісі, ғылыми-зерттеу, тәрбие жұмыстары және инфрақұрылымды дамыту жолдарындағы негізгі мәселелерге тоқталып, оларды шешу жолына ұсыныстар берілді.
Ғылыми кеңес мүшелерінің шешімі бойынша Тарих және құқық институтының оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмысының жағдайы мен даму болашағы туралы есебін қанағаттандырып, аталған мәселелерді шешуге жауапты бөлімдерге тапсырмалар берілді.
Тарих және құқық институты |