қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
02.10.2024

«Қазіргі биологиялық білім беру мәселелерін зерттеудің перспективалық бағыттары» конференциясы


2024 жылдың 25-27 қарашасында «Қазіргі биологиялық білім беру мәселелерін зерттеудің перспективалық бағыттары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.


Конференцияның мақсаты - ЖОО және орта білім мекемелерінің оқытушыларының, ғылыми зерттеу институттарының зерттеуші ғалымдарының, докторанттардың, магистранттардың, студенттердің биологиялық білім беру мәселелері мен  қазіргі  бағыттары бойынша  зерттеу нәтижелерін жалпылау. 

 

Конференцияда келесі секциялар бойынша қарастыру жоспарлануда:

 

1.       Жалпы орта биологиялық білім берудің проблемалары мен болашағы;

2.       Жоғары биологиялық білім берудің проблемалары мен болашағы;

3.       Биология ғылымы мен білімінің интеграциясы;

4.       Жаратылыстану - ғылыми білім беруді дамытудың теориясы мен практикасы.

 

Өтетін орны: «Абай атындағы ҚазҰПУ» КЕАҚ, Алматы қ., Достық, 30.

Форматы: офлайн, онлайн.

 

Конференцияның қорытындысы бойынша ғылыми мақалалар жинағы шығарылады. Жинақ электрондық формат (PDF) және баспа түрінде шығарылады, конференцияның қатысушыларына сертификаттар табыс етіледі.

 

Материалдарды ұсыну мерзімі: 2024 жылдың 01 қарашасына дейін (қоса алғанда) тек Biologyia23@mail.ru  электронды почта  арқылы.

 

Көрсетілген МЕРЗІМНЕН КЕШ ЖІБЕРІЛГЕН жіберілген мақалалар ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ!

 

МАҚАЛАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

 

1. Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

2. Мақала көлемі: Times New Roman қарпімен (12-кегль) 3-5 бет. Мақалаларды рәсімдеуге қойылатын талаптармен және Мақаланы рәсімдеу үлгісімен толығырақ www.kaznpu.kz сайттағы «Хабарландыру» бөлімінде танысуға болады.

3. Жауапты хатшы тіркеу ережелеріне, секция тақырыбына сәйкес келмейтін материалдарды қайтаруға немесе қабылдамауға құқылы.

 

Мекенжайы: Алматы қ., Медеу ауданы Қазыбек би к., 30.

Тел.: 8 707 549 87 43, 8707 595 21 82, 8747 5567389, 8702 233 45 46, 8747 461 50 32, 8705 130 08 46.

Электронды мекенжай: Biologyia23@mail.ru