қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
11.10.2024

Студенттік ректорды сайлау үгіт-насихат жұмыстары басталды


2024 жылдың 16 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департамент жастар ісі жөніндегі бөлімнің ұйымдастыруымен «Студенттік ректоратқа» студенттік ректорды сайлау науқаны өтеді.

 

Сайлау науқаны 24 қыркүйек пен 16 қазан аралығында жүзеге асады. Бүгінде студенттік ректорға үміткерлерді тіркеу аяқталып, үгіт-насихат жұмысы басталды.

 

Сондай-ақ, сайлау науқаны барысында сайлауға түсуші кандидаттарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, «Студенттік ректорат» Ережесі таныстырылды.

 

Естеріңізге сала кетейік, «Студенттік ректорат» құрамы университет студенттерінің өкілдерінен ашық сайлау арқылы бір жылға сайланады.

 

Студенттік ректоратқа мүше студенттер жатақханамен қамтамасыз етіледі. Ал ақылы бөлімде оқитын студенттерге 10%-20% аралығында жеңілдіктер қарастырылады.

 

Жастар ісі жөніндегі бөлім