Главная
Новости
15.03.2019 Литва Республикасының жетекші жоғары оқу орындарының өкілдерімен әріптестік кездесу
13 наурызда ҚР Ұлттық кітапханасында БжҒМ «Халықаралық бағдарламалар орталығының» ұйымдастыруымен Литва аймағындағы көшбасшы университеттер өкілдерімен кездесу өтті. Делегация құрамында Kaunas University of Technology, Lithuanian Sports University, Vilnius Gediminas Technical University, Vytautas Magnus University өкілдері болды.
Шараның ашылуын Алматы қаласындағы Литва Республикасының Бас консулы Darius Vitkauskas ашып, әріптестік-ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуда сәттілік тіледі.
Кездесу барысында Литва елінің делегация өкілдері Алматы қаласындағы ЖОО-мен бірлескен ғылыми-зерттеу жобалары, алмасу бағдарламалары, ғылыми-зерттеу орталықтарымен әріптестік-ынтымақтастық қарым-қатынас орнату, қос дипломды білім беру бағдарламасын іске асыру мақсатында сұхбаттар жүргізіп, сұрақтарға жауап берілді.
Тарих және құқық институты |