қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
30.10.2024

Жасөспірімнің аутодеструктивті мінез-құлқының психологиялық портреті: теория және практика


2024 жылдың 1 қарашасында сағат 10.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Алматы қаласы Білім басқармасы Білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығымен  бірлесіп «Жасөспірімнің аутодеструктивті мінез-құлқының психологиялық портреті: теория және практика» тақырыбы бойынша нақты мәселелерді талқылау үшін ғылыми-тәжірибелік конференция өткізетіндігін хабарлайды.

 

Ғылыми-тәжірибелік конференция барысында бірқатар маңызды мәселелер талқыланады:

 

«Суицидтік ойлардың белгілері»;
«Жасөспірімдердегі суицидтік тенденциялардың алдын алудағы отбасының рөлі»;
«Мектептегі суицидтің алдын алу: мұғалімдерге арналған практикалық ұсыныстар»
«Суицид әрекетінен кейін қолдауды ұйымдастыру: жасөспіріммен және отбасымен жұмыс»;
«Суицид белгілері: мінез-құлықтың өзгеруі, әлеуметтік оқшаулану».


Конференцияға қатысушылар: білім бөлімінің өкілдері, Психикалық денсаулық орталығының мамандары, университет ғалымдары, аймақтық ғылыми институттардың өкілдері, аудандық білім бөлімдерінің басшылары, мектеп директорлары мен психологтары, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары.

 

Өтетін күні мен уақыты: 01 қараша 2024 жыл, сағат 10.00-13.00.

Өтетін орны: Достық, 13, 202 конференц-залы.

Жауапты тұлға: Абай атындағы ҚазҰПУ жалпы және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі Гулмира Ниетбаева.

Байланыс: 87017191476.