қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
18.03.2019

«Қазақстан және Орталық Азияда туризмді дамытудың тенденциялары мен келешегі»

 

2019 жылдың 14-15 наурызында «Қазақстан және Орталық Азияда туризмді дамытудың тенденциялары мен келешегі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

 

Халықаралық конференция Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Джордж Вашингтон университеті, Халықаралық Туризмді оқыту институты, Алматы қаласы әкімшілігі, Алматы қаласының туризм басқармасының ұйымдастыруымен өткізілді.

 

Іс-шараның мақсаты - Қазақстан және Орталық Азияда туризмді дамытудың үрдістері және келешегіне байланысты атқарылып жатқан жұмыстармен бөлісу және тәжірибе алмасу.

 

Конференция жұмысында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаев баяндама жасады. Ректор конференцияның маңыздылығын атап, туризмді дамыту және туризмді оқытудың өзекті мәселелері бойынша өз пікірін білдірді. Жаратылыстану және география институтының директоры, профессор Күләш Каймулдинова конференцияға қатысушыларды құттықтап, секциялар жұмысына табыс тіледі.


Пленарлық мәжілісте - ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ақтолқын Құлсариева, ҚР ҰҒА академигі Алия Бейсенова, Туризм индустриясы комитетінің төрайымы Майнюра Мурзамадиева, Джордж Вашингтон университеті туризмді басқару магистратурасы факультетінің директоры «Tourism as an Engine for Development: Business Tourism and Wellness Tourism» Yu Liang (Larry), Алматы қаласы туризм басқармасының жетекшісі Мақсат Кикимов,Қазақстан туристік қауымдастығының директоры Рашида Шайкенова,Өзбекстанның З.М.Бабур атындағы Андижан мемлекеттік университетінің проректоры, халықаралық байланыстар бөлімінің бастығы Фарход Алимов, Қырғызстанның И.Арабаев атындағы ҚырғМУ География, экология және туризм факультетінің деканы, профессор, Темирбек Чодураев, Түркменстанның Г.Хамраев атындағы Түркменстан шөл және өсімдіктер мен жануарлар әлемі ұлттық институтының жетекші ғылыми қызметкерлері Султан Вейсов, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың қауымдастырылған профессоры, Кененбай Мамбеталиев,Әзербайжанның Баку мемлекеттік университетінің профессоры, Чингиз Исмаилов, Тәжікстан Ресей-тәжік (Славян) университетінің доценті Бахтиёр Разыков, География институтыныңтуризм және рекреация географиясы зертхана жетекшісі Камшат Егембердиева, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайының директоры Болат Жүнісбеков, Қырғызстанның Туризм академиясының ғылым және сыртқы байланыстар жөніндегі проректоры Арсланбек Чормонов, ҚР ҰҒА академик-мүшесі, «Терра» қашықтан зондылау және ГАЖ орталығы» ЖШС бас директорның орынбасары, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті Қазақстанның ұлттық бақтары туризм инфрақұрылымын дамыту бойынша комиссиясының мүшесі, ПРООН-Қазақстан биоалуантүрлік және табиғи экожүйе бойынша эксперті Наталья Огарь, Алматы Менеджмент Университетінің проректоры (АlmaU) PhD, Асель Арын, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ География және табиғатты пайдалану факультетінің деканы, Рекреациялық география және туризм кафедрасының меңгерушісі, Виталий Сальников, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, Орденбек Мазбаев, Алматы қаласының смарт туризм орталығының администраторы Еркін Оспанов баяндама жасады.

 

Конференцияның екінші күні Джордж Вашингтон университеті туризмді басқару магистратурасы факультетінің директоры Dr. Liang (Larry) Yu, «Service Quality and Customer Satisfaction: An International Perspective», «Tourism Education Standards and Quality: UNWTO TedQual Certification» тақырыптарында мастер-класс өткізді, екінші бөлігінде секциялық отырыста конференцияға қатынасушылардың баяндамалары тыңдалды.

 

Жалпы конференцияға АҚШ, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Украина, Өзбекстан және Қазақстан Республикасының ғалымдары, оқытушылары, докторанттары, магистранттары және студенттерінің 123-тен астам баяндамасы ұсынылып, 6 секцияға бөлінді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

«География экология және туризм» кафедрасы