қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
05.07.2016

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
2016/2017оқу жылдары Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ, қазақ азаматтарына Абай атындағы ҚазҰПУ-дың дайындық факультетінде (foundation) оқуға арнайы білім гранттары бөлінуде, сонымен қатар болашақта 5В011000-физика, 5В011100 - информатика, 5В011200 - химия және 5В011300 - биология мамандықтарында оқимын деген ҚР азаматтарына үш тілді білім тұрғысында ағылшын тілінен білімін жетілдіру мақсатында арнайы орындар қарастырылған.


Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті Дайындық факультеті (FOUNDATION)

 

Талапкерлердің назарларына!
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің дайындық факультеті (FOUNDATION) шақырады.

Бізге келген әрбір түлектің әр-түрлі арманы бар. Біздің мақсатымыз талапкерлерді өздері таңдаған армандарына жету жолында лайықты білім беру. Арманын жүзеге асыру үшін талапкерге көп еңбектену қажет. Талапкердің студент болу арманының орындалуына, біздің факультетіміз (foundation) себепкер бола алады.
Біздің мақсатымыз - мемлекетіміздің кез-келген жоғары оқу орнына түсу үшін, әсіресе болашақ педагогикалық мамандықтарды таңдаған тыңдаушыларға тиімді жағдай жасау!
Біз білім беру ісін ұйымдастыруда, өз тыңдаушыларымыз ұлттық біріңғай тестілеуден (ҰБТ) немесе кешенді тестілеуден (КТ) межелі сатыдан өтіп қана қоймай, сонымен қатар, жоғары бал жинап мемлекеттік білім беру грант иелері атануына ұмтыламыз.
Дайындық факультеті (foundation) өз білімдеріңізді шыңдауға, ҰБТ пәндері бойынша тереңдетуге мүмкіндік береді. Дайындық факультетінде (foundation) жоғары білікті мамандар сабақ жүргізеді.

Дайындық факультетінің (foundation) мақсаты:
• Таңдау пәндері бойынша тыңдаушылардың білім деңгейін арттыру;
• жалпы білім беру пәндері бойынша білім деңгейін жетілдіру;
• ҰБТ (КТ) пәндері бойынша білімді жүйелеу, әдістемелерімен таныстыру;
• оқуға түсу емтихандарының үрдісіне және жоғары оқу орнында білім алуға педагогикалық, психологиялық тұрғыда бейімдеу;
• ағылшын тілін оқыту.
Оқуды жүгізу барысы:
• мемлекеттік және орыс тілдерінде;
• орта мектепке арналған білім беру бағдарламалары бойынша;
• барлық тестілеу пәндері бойынша.
Өз мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз, білім гранттары шектеулі ғана, біздің дайындық факультетінің (foundation) тыңдаушысы болсаңыз, бізбен бірге сіз кәсіби мамандануға дұрыс қадам жасайсыз!
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің қабылдау комиссиясы, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі 30 үй. 8 (727) 291-73-71
Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Абай даңғылы 56 б, Абай атындағы ҚазҰПУ ғимараты, дайындық факультеті (foundation).
Тел: 8 (727) 392-22-00 ; ұялы телефондар: 8 (747) 290-56-03; 8 (707) 699-41-09.

 

Университеттің дайындық факультетіне (foundation) қабылдау және
оқу ережесі

1.Қазақстан Республикасының азаматтарын университеттің foundation факультетіне қабылдау университеттің қабылдау комиссиясы жүргізеді.
2.Қазақстан Республикасының азаматтары foundation бөліміне түсу үшін, мына тізімдегі құжаттарды қабылдау комиссиясына өткізеді.
1) Өтініш;
2) Орта білім, бастапқы кәсіби (техникалық және кәсіби) кәсіби орта (орта білімнен кейінгі) құжатының түп нұсқасы және оның қосымшасы;
3) Жеке куәлік көшірмесі;
4) 3х4 алты фотосуреті;
5) №086-У медициналық анықтама түрі;

3.Университеттің foundation бөліміне түсу үшін азаматтығы жоқ және шетел азаматтары мына тізімдегі құжаттарды өткізеді:
1) Өтініш;
2) Орта білім туралы құжаты және қосымшасының нотариальды бекітілген мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы (немесе Қазақстан Республикасының шетелдік мекемесінде бекітілген);
3) Орта білім туралы құжат иегерінің, жеке тұлғаның құжатының көшірмесі
4) 3х4 алты фотосуреті;

4. Шетелде білім туралы берілген құжат оқуға түскенен кейін ҚР БҒМ 10.01.2008 жылғы №8 бұйрығына сәйкес, білім құжатын нострификациядан өткізіп сәйкесетік ережесіне сай рәсімделуі тиіс.
5. Мемлекеттік білім гранттарына қабылдау кешенді тест тапсырғаннан кейін
жүргізіледі.
6. Foundation бөліміне екінші рет қабылдау ақылы негізде жүргізіледі.
7. Кешенді тест екі пән бойынша жүргізіледі: «қазақ тілі» немесе «орыс тілі» (оқу түрі) және «математика».
8. Мемлекеттік және орыс тілін білмейтін шет ел азаматтары кешенді тестті ағылшын тілінде тапсырады.
9. Әрбір пән бойынша тестік тапсырмалар саны - 25. Әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы бір балмен бағаланады. Кешенді тесттің уақыты - 1 сағат 30 минут. Кешенді тест нәтижесі тест болған күні хабарланады. Тестті қайта тапсыруға болмайды.
10. Кешенді тестке қатысушы азамат жеке куәлігін көрсетуге міндетті.
11. Тест нәтижесімен қанағаттанбаған азамат, аппеляциялық комиссияға өтініш өткізуге құқылы.

Университетте аппелляциялық комиссия құрылады
12. Кешенді тест нәтижесінде үміткерлердің нәтижелері бірдей болатын
болса, аттестаттың орташа балы жоғары болған үміткер қабылданады.
13.Комиссияның шешімі Университет ректорының бұйрығымен бекітіледі және шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың назарына жеткізіледі.
14.Азаматтарды foundation ақылы бөліміне қабылдау факультеттің қабылдау комиссиясы жүргізеді.
15.Тыңдаушылар қабылданғаннан кейін он жұмыс күн мерзімінде, бұйрық шығып оның көшірмесі foundation деканатына беріледі.
16.Университетте жасалған және бекітілген, оқу бағдарламасына сәйкес, жасалған оқу жұмыс жоспары бойынша кешенді тестілеуге мынадай дайындық курстары жүргізіледі: (үш, алты және тоғыз айлық мерзімді оқулар), сонымен қатар foundation әртүрлі мерзімдегі шет ел тілін (ағылшын) үйрету үрдісі ұйымдастырылып жүргізіледі.