еңбек шартында, қоғамның ішкі актілерінде және осы лауазымдық нұсқаулықта жүктелген міндеттерді сапалы және уақтылы орындау;
атқаратын лауазымы бойынша құзыреті шегінде Басқарма бастығының тапсырмаларын (алған міндеттерін) уақтылы және адал орындау;
өнім берушілерді Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы мәселелер бойынша сот талқылауларына қатысу;
міндеттерді тиімді орындау үшін еңбек өнімділігін, өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін арттыру;
бюджет және Қоғамның құрылымдық бөлімшелері ұсынған ақпарат негізінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеуге тікелей қатысу, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу, оны мемлекеттік сатып алудың веб-порталына орналастыру;
тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша бұйрықтардың, хаттамалардың, шарттардың және өзге де құжаттардың жобаларын дайындау және келісу;
Мемлекеттік сатып алу веб-порталында заңнамада көзделген өткізілетін Мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыруларды, хаттамаларды, есептерді, өзге де мәліметтерді орналастыруға;
Электрондық конкурстық құжаттаманы, хаттамаларды, шешімдерді әзірлеу, дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ Электрондық конкурстық құжаттаманы әзірлеу және Мемлекеттік сатып алу қорытындыларын шығару үшін сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) техникалық ерекшеліктері мен сипаттамаларын қоғам мамандарымен келісу;
Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін басқару және жүзеге асыру бойынша құжаттаманы және құжат айналымын жүргізеді;
құзыреті шеңберінде Қоғам қызметкерлеріне кеңес беру;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өзіне қабылдау;
жұмыс беруші мен қызметкерлердің мүлкіне ұқыпты қарау;
жұмыс берушіге адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен қызметкерлердің мүлкінің сақталуына қауіп төндіретін туындаған жағдай туралы, сондай-ақ бос тұрып қалудың туындауы туралы хабарлау;
жұмыс беруші ұсынатын жеке және ұжымдық қорғау құралдарын мүлтіксіз қолдану және мақсаты бойынша пайдалану;
Еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне белгілі болған қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеу;
еңбек тәртібін, сондай-ақ жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария жөніндегі нормалардың, қағидалар мен нұсқаулықтардың талаптарын сақтау;
атқаратын лауазымы бойынша өкілеттіктер мен құзыреттер шеңберінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
|