Главная /
СМИ о нас
20.03.2019 Жас психологтарға арналған дөңгелек үстел өтті
«Ұстаздар үйінде» «Өрлеудің» Алматы қаласы бойынша филиалында «Жас психолог мамандардың коммуникативтік тапшылығының моделі» тақырыбында қалалық дөңгелек үстел өтті.
Институттың аға оқытушысы Сара Мусина шараның маңыздылығы жайында атап өтсе, институт директоры Раиса Садвакасова қазақстандық патриотизмнің құндылықтары мен мұраттарын құрметтейтін, елі мен жерін сүйетін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу ісінде жас психологтардың кәсіби тұрғыда тәжірибе жинауы алдағы педагог қызметінде нақты көрініс беретіндігіне тоқталды.
Дөңгелек үстел жұмысына Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, пс.ғ.к., профессор Бақыт Жігітбекова, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы., пс.ғ.к., PhD докторы Бақыт Есимбекова, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы., пс.ғ.к., профессоры Мәншүк Құсайынова, Атай атындағы ҚазҰПУ ғылыми қызметкері Тилла Сақтағанова, 146 МГ педагог-психологы Альмира Мұхаметғалиева, №195 ЖББМ педагог-психологы Нұржамал Бекмолдаева, К.Ахметов атындағы республикалық мамандырылған мектеп-интернат-колледжі педагог-психологы Әдемау Есмағамбет, РФМШ, педагог-психологы Бақытгүл Динсаламова, №65 ЖББМ педагог-психологы Айнур Жүнісбекова, №38 Г, педагог-психологы Жанар Даутова қатысып, іс-тәжірибелерімен бөлісті. Құнды пікір, ұсыныстарын ортаға салды. Дөңгелек үстелде пікір-талас, сараптамалық ізденістер мазмұнындағы ұсыныстармен бөліскен мамандар жалпы психология саласына қатысты зерделі зерттеулерге де тоқталып өтті.
Авторы: Эльвира Серікқызы 20.03.2019 ж. Ақпарат көзі: egemen.kz
|