АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер!
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Тәуелсіздігіміздің 25-жылдығына орай Сізді 2016 жылдың 21 қазанында Астана қаласында өтетін «Қазақстан Республикасы және Еуразия кеңістігі: қазіргі заман мен даму келешегі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.
Мақсаты:
- Қазақстанның даму тарихы кезеңдерін іргелі талдау;
- Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы мен жетістіктерін зерделеу;
- Қазақстан Республикасының болашақтағы дамуы мен жаңару жоспарына ғылыми болжамдар және жан-жақты талдаулар.
Конференцияның негізгі бағыттары:
1. Отандық тарих, археология және антропологияның өзекті мәселелері.
2. Қазақстан Республикасы қауіпсіздігінің ұлттық, аумақтық және жаһандық мәселелері және сыртқы саясаты.
3. Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен нығаюының саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-идеологиялық аспектісіндегі «Мәңгілік ел» идеясы.
4. Қазақстан Республикасының болашақ жаңару жоспарындағы саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық даму бағыттары.
5. Тәуелсіз Қазақстан тарихының өзекті мәселелерін зерттеудің әдіснамалық талдаулары.
Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша жүргізіледі:
I. Ежелгі дәуірден қазіргі кезеңге дейінгі Қазақстан тарихы және мәдениеті.
II. Ұлы Дала елі және Л.Н. Гумилевтің еуразиялық көзқарастары.
III. Әлихан Бөкейхан және ұлт зиялыларының ой-таным мұрасы.
IV. Жаһандық саясаттағы Қазақстан және Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың рөлі.
V. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуының негізгі бағыттары.
Конференцияның ресми тілі: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференция жұмысына Қазақстан мен ТМД елдерінің және шетелдік ғалымдардың қатысуы да жоспарланып отыр.
Конференция жұмысына қатысу үшін 2016 жылдың 10 қазанына дейін ұйымдастыру комитетіне төмендегі құжатты жіберу қажет:
1. Ұсынылған форма бойынша қатысуға өтініш.
2. Баяндама мәтіні.
Баяндаманың өңделген мәтіні төмендегі талаптарға сәйкес рәсімделуі тиіс: көлемі 5 бетке дейін, MS Word (*.doc или rtf) форматында; файлдың аты және жекелей файлдар автордың фамилиясымен аталуы тиіс. Кесте, сызба, суреттердің атауы болу керек және Windows шеңберінде терілуі керек. Бет көлемі: А4. Барлық жағы - 2 см. Шрифт: Times New Roman, KZ Times New Roman, кегль - 14. Аралық интервал - бір. Азат жолдан кейін бірінші жол: 1 см. Басында баяндаманың тақырыбы: ортасынан бас әріптермен қалың шрифтпен жазылады. Баяндаманың тақырыбынан кейін ортасынан автордың аты, жөні кіші әріптермен беріледі. Одан төмен - ғылыми дәрежесі, қызметі, автордың жұмыс орнының толық атауы, мемлекеті, е-mail. Бір аралықтан кейін азат жолдан баяндама мәтіні басталады. Әдебиеттер тізімі мәтіннің соңына орналастырылады. Мәтінде сілтеме тік жақша түрінде рәсімделіп, әдебиеттер тізімінде деректердің беті көрсетіледі. Мысалы: [6, 2 б.].
Ұйымдастыру комитеті баяндамаларды іріктеу құқығын өзіне қалдырады. «Қазақстан Республикасы және Еуразия кеңістігі: қазіргі заман мен даму келешегі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция тақырыбына, жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген және 2016 жылдың 10 қазанынан кейін жіберілген баяндамалар қабылданбайды.
Баяндаманы мына мекен-жайға жіберулеріңізді сұраймыз:
25-conference@enu.kz
Іссапар шығыны - қатысушы тараптан.
Байланыс ақпараты
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 010008, Астана қ., Қ.Сәтбаев көшесі, 2. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.
Тел.: +7 (7172) 709-500 (ішкі 35-215), (ішкі 35-216)
E-mail: 25-conference@enu.kz
Байланыс телефондары:
Дукенбаева Зада Оразгалиевна +77015908547
Сыздық Салтанат Қуандыққызы +7 771 000 3305
Утеева Ләйлә Керімбековна +7 (7172) 709-500 (ішкі 34 - 316), +7 778 684 8410
Сейпишева Асель Юлановна +7 (7172) 709-500 (ішкі 31 - 442)
«Қазақстан Республикасы және Еуразия кеңістігі: қазіргі заман мен даму келешегі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға
ӨТІНІШ
21 қазан 2016 жыл ( Астана қ., Қазақстан)
1 Тегі, аты, әкесінің аты (толықтай)
2 Баяндама тақырыбы
3 Секция
4 Жұмыс орны (мемлекеті, ұйымның толық атауы, кафедрасы)
5 Лауазымы
6 Ғылыми дәрежесі
7 Үй/жұмыс телефондары:
8 E-mail
9 Почталық мекен-жайы
10 Қатысу түрі (іштей/сырттай)
11 Баяндама жасауға қажетті техникалық құралдар
12 Қонақ үйге қажеттілік, келу мерзімі
Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның
негізгі даталары:
07 қазанға дейін - конференцияға шақырту жіберу.
10 қазан - конференцияға өтінішті қабылдаудың аяқталуы.
20 қазан - конференция қонақтарын қарсы алу және орналастыру.
21 қазан -конференцияның ашылуы, пленарлық отырыс.
21-22 қазан - конференция қонақтарын шығарып салу.