қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
23.12.2024

Химия кафедрасының кеңейтілген отырысы өтеді

 

2025 жылғы 9 қаңтарда сағат 10:00-де Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жаратылыстану және география факультетінің химия кафедрасының кеңейтілген отырысында Ахметова Сандугаш Нұрболқызының «8D05301-Химия» мамандығы бойынша философия докторы (РhD) дәрежесін алуға арналған «Пектин синтезі және оны органикалық-бейорганикалық энтеросорбенттер мен металл-полимерлі катализаторларды құруда қолдану» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы талқыланады.


Отырыс офлайн және онлайн форматта өтеді.


Диссертация Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жаратылыстану және география институтының Химия кафедрасының базасында, «Д.В.Сокольский атындағы жанармай, катализ және электрохимия институты» АҚ органикалық катализ зертханасында және Ресей ғылым академиясының Химиялық физика және медициналық химия мәселелерінің Федералдық ғылыми орталығының металлополимерлер зертханасында орындалды.


Қорғау тілі - орыс тілі.


ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСШІЛЕР:

Жармагамбетова Алима Кайнекеевна - х.ғ.д., профессор (Д.В.Сокольский атындағы жанармай, катализ және электрохимия институты, Алматы қ., Қазақстан);

Жанбеков Хайрулла Нышанұлы - Жер ғылымдарының докторы, профессор (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан);

Джардималиева Гульжиан Искаковна - х.ғ.д., профессор (Ресей ғылым академиясының Химиялық физика және медициналық химия мәселелерінің Федералдық ғылыми орталығы, Черноголовка қ., Ресей).


РЕСМИ РЕЦЕНЗЕНТТЕР:

Налибаева Арайлым Мұратқызы - х.ғ.к., қолданбалы зерттеулер зертханасының жетекші ғылыми қызметкері (Д.В.Сокольский атындағы жанармай, катализ және электрохимия институты, Алматы қ., Қазақстан);

Узакова Асем Бахытжановна - PhD докторы, аға оқытушы (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан).

 

ZOOM: https://zoom.us/j/91737617985?pwd=MeX9QCBi0obpsbTRqNSsDXUoJahHTN.1

ID: 917 3761 7985

Код: 1234

Мекенжайы: 050010, Алматы қ., Қазыбек би, 30, (7-ші қабат, 716 кабинет).