қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
29.03.2019

Шяуляй университетінің өкілдерімен кездесу


27 наурызда Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Халықаралық ынтымақтастық департаменті студенттер, магистранттар мен кафедра меңгерушілерін Шяуляй университетінің (Литва) өкілдерімен кездесуін ұйымдастырды. Литвадан келген қонақтар: Халықаралық бағдарламалар және байланыстар департаментінің директоры доктор Регина Карвелиене, Шяуляй университеті Сенатының жетекшісі, ШУ білім беру институтының қызметкері профессор Диана Стракшиене мен Шяуляй университеті Сенаты басшысының орынбасары, Аймақтық даму институтының жетекшісі профессор Скаидре Зикиене.

 

Кездесу барысында білім және ғылым саласындағы бірлескен ынтымақтастық, педагогикалық мамандықтар бойынша екі дипломды бағдарлама, сондай-ақ Эразмус+ бағдарламасы бойынша студенттер мен ПОҚ ұтқырлығы және магистранттардың ғылыми тағылымдамасы мәселелері талқыланды.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Академиялық ұтқырлық секторы