қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
02.04.2019

«Мемлекеттік грант өтемі және ауыл квотасы»

 

2019 жылдың 1 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Мансап» орталығының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік грант өтемі және ауыл квотасы» тақырыбында бітіруші түлектермен АҚ «Қаржы орталығының» менеджері Ақзира Серікқали кездесу өткізді.

 

Кездесу барысында Ақзира Серікқали студенттерге үш жақты келісім шарт жайында және мемлекеттік грант, ауыл квотасының өтемі туралы толық ақпарат берді. Студенттер ҚР Үкіметінің 2012 жылғы №390 қаулысына байланысты сұрақтарын қойып, мемлекеттік грант өтемінен қандай жағдайда босатылатыны жайлы ақпарат алды. Кездесу соңында менеджер студенттерді «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңындағы соңғы өзгерістермен таныстырды.

 

   

 

   

 

«Мансап» орталығы