қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
02.04.2019

«Спорт денсаулық кепілі» спартакиадасы


Адамның басты байлығы - денсаулық. Ал денсаулықты нығайту үшін спортпен шұғылдану ең басты шешім.


Осы орайда, университет ұжымы арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2019 жылдың 30 наурызында Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменті және Жаратылыстану және география институтының ұйымдастыруымен қызметкерлер мен профессор-оқытушылар құрамы арасында «Спорт - денсаулық кепілі» жалпыуниверситеттік спартакиадасы өтті. Спартакиада спорттың футбол, волейбол, үстел теннисі және шахмат ойын түрлері бойынша жүргізілді.


Шараны университет ректоры, профессор Такир Балықбаев ашып, барша қатысушыларға алдағы ойындарына сәттілік тіледі.


Спорттық дода қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте Филология және көптілді білім беру институты 20 ұпаймен ІІІ орынды иеленіп, 30 000 теңге ақшалай сыйақымен марапатталды. ІІ орынға 28 ұпаймен Тарих және құқық институты орналасып, 50 000 теңге ақшалай марапатталды. Жоғары 32 ұпай жинаған Өнер, мәдениет және спорт институты жүлделі І орынды жеңіп алып, 70 000 теңге ақшалай сыйақымен марапатталды.


Одан басқа, Жаратылыстану және география институтының оқытушысы Ерлан Бірталаев «Үздік ойыншы», Тарих және құқық институтының доценті Бақтығали Көшпенбетов «Үздік қорғаушы», Ректордың жастар мәселелері жөніндегі кеңесшісі Мақсат Жақауов «Үздік қақпашы» номинациясын жеңіп алып, ақшалай марапатқа ие болды.


Бұл спорттық жарыс алдағы уақытта ай сайын дәстүрлі шараға айналады.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

  

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар
және жастар саясаты департаменті