қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
17.04.2019

Ректорды марапаттады

 


 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ректор Такир Балықбаев «Махмұд Қашқари» қоры төрағасының орынбасары Агаджафар Гасаналимен және Қазақстандағы Әзірбайжан елшілігінің өкілі Рамиль Рзаевпен кездесті. Кездесуге сондай-ақ Қазақстан күрдтері қауымдастығының төрағасы, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Князь Мирзоев қатысты.

 

Кездесу барысында Агаджафар Гасанали «Махмұд Қашқари» қоры­­ның қызметі туралы әңгіме­ле­ді. Оның айтуынша, қор 14 жыл бұрын Әзірбайжан астанасында, түркі әлемінің танымал тұлғалары­ның бастамасымен Баку қаласында құрылды. Қордың негізгі мақсаты - түркі халықтарының тарихы мен мәдениетін біріктіру, тарихи-мәде­ни байланыстар призмасы арқылы мемлекеттер арасындағы ынты­мақтастықты дамыту. Сон­дай-ақ ол педагогикалық, гума­нитарлық және жаратылыс­тану ғылым­дарын дамытуда, Қазақ­стан­дағы білім беру саласының дамуына қосқан орасан зор үлесі мен Қазақстанның тұңғыш уни­вер­ситетінің ғылыми және педа­го­гикалық кадрларды даярлаудағы, оқу орнын халықаралық тәжіри­беге сәйкестендіруде табысты көшбасшылығы үшін Абай атын­дағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балық­баевқа «Махмұд Қашқари­дың 1 000 жылдығы» медалін табыс етті.

 

Махмұд Қашқаридың медалі­мен түркі әлеміндегі танымал ғалымдар, жазушылар, жетекші білім беру мекемелерінің басшы­лары, қоғамдық және саяси қай­рат­керлері - Түркияның экс-прези­денті Сүлеймен Демирел, қор­дың құрметті президенті, Әзір­бай­жан ғылым академиясы­ның вице-президенті Иса Габит Бейли және т.б. беделді тұлғалар марапат­талған. Қазақстандағы Әзірбайжан елшілігінің өкілі Рамиль Рзаев өз елінің атынан ҚазҰПУ ректорын құттықтап, еңбек жолында табыс тіледі. Ол сондай-ақ кездесудің білім және ғылым саласындағы екі мемлекеттің ортақ құндылықтарын нығайтудағы маңызын атап өтті.

 

 

Авторы: Римма Жанбаева

17.04.2019 ж.

Ақпарат көзі: aikyn.kz