
Главная /
Объявления
05.12.2025 Диссертациялық кеңес жанындағы ғылыми семинар өтеді
2025 жылдың 8 желтоқсанында, сағат 14:00-де, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің диссертациялық кеңесі жанындағы ғылыми семинарда 8D019 - Арнайы педагогика бойынша мамандарды даярлау (6D010500 - Дефектология / 8D01901 - Арнайы педагогика мамандарын даярлау) бағыты бойынша докторанттардың диссертациялық жұмыстары талқыланады.
Талқылауға ұсынылған диссертациялық жұмыстар: Пономарев Роман Дмитриевичтің «Жасөспірімдердің психикалық дамуының тежелуін донозологиялық диагностикалау және алдын-алудың педагогикалық негіздері» атты диссертациялық жұмысы; Ингайбекова Толқын Амангелдиновнаның «Зияты зақымдалған балалардың әлеуметтік-коммуникативтік дағдыларын қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық негіздері» атты диссертациялық жұмысы.
Ғылыми семинар офлайн және онлайн форматтарында өткізіледі. Диссертациялық жұмыс Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалды. Қорғау тілі - қазақ және орыс тілдері.
Пономарев Роман Дмитриевичтің ғылыми кеңесшілері: психология ғылымдарының докторы, профессор Н. Б. Жиенбаева шетелдік ғылыми кеңесші: психология ғылымдарының докторы, профессор Л. Ф. Крупельницкая (Украина)
Ингайбекова Толқын Амангелдиновнаның ғылыми кеңесшілері: психология ғылымдарының докторы, профессор А. К. Сатова Шетелдікғылыми кеңесші: Агниежка Д., PhD, профессор (Польша)
Идентификатор: 993 0293 4861 Код:1234
Мекен-жайы: 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13, Бас оқу ғимараты (3-қабат, 307 кабинет).
|