қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
05.12.2025

Хабарландыру


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Педагогика және психология факультеті, Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы 2025 жылдың 23 желтоқсанында «Әлеуметтік педагогтерді даярлаудың эволюциясы: тәжірибесі және стратегиялық перспективалары» атты халықаралық open space өткізеді.

 

Халықаралық open space жұмысының бағыттары:

1. Әлеуметтік педагогтерді даярлаудың эволюциясы және заманауи ғылыми парадигмалар;

2. Әлеуметтік педагогтің кәсіби құзыреттерін дамытудағы инновациялар мен тиімді тәжірибелер;

3. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы әлеуметтік-құқықтық тәуекелдер: тұрмыстық зорлық-зомбылық, буллинг, девианттық мінез-құлық, субмәдениет ықпалы және дезадаптацияны алдын алу тетіктері;

4. Инклюзивті білім беру жағдайында әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеу: балалардың бейімделуі, эмоционалдық қолдау, қиын өмірлік жағдайлардан шығуға көмектесу және көпсалалы мамандар командасының өзара іс-әрекеті.

Мақсаты: әлеуметтік педагогтерді даярлау жүйесіндегі теориялық-әдіснамалық эволюцияны, заманауи ғылыми парадигмаларды және инновациялық педагогикалық тәжірибелерді халықаралық деңгейде талқылау арқылы білім беру бағдарламаларын жетілдірудің стратегиялық бағыттарын айқындау, сондай-ақ әлеуметтік-педагогикалық қызметтің болашақ мамандарын кәсіби құзыреттілікке даярлаудың тиімді үлгілерін қалыптастыру.

Бұл іс-шара әлеуметтік-педагогикалық білімнің дамуына үлес қосатын инновациялық идеялар мен тәжірибелерді алмасу үшін тиімді алаң құруға бағытталған.

 

Қатысушылар:

Мектептің әлеуметтік педагогтері, қалалық білім бөлімдерінің өкілдері, отандық және шетелдік ғалымдар, докторанттар, магистранттар, студенттер.

Open space жұмысының ресми тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

 

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: 050010, Алматы қ., Төле би көшесі 31, Абай атындағы ҚазҰПУ, Педагогика және психология факультеті, Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы, 30 каб.

Байланыс телефоны: 87771555568 Алимбекова Анар Аймолдановна, 87054674187 Булшекбаева Асем Исаевна, Раймқұл Сандуғаш Ұмытбекқызы +7 747 498 47 07.

 

Ақпараттық хат