
Главная /
Объявления
15.12.2025 Бастауыш білім беру кафедрасының кеңейтілген мәжілісі өтеді 2025 жылдың 22 желтоқсанында сағат 15.00-де «6D010200 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша философия докторы (РhD) дәрежесін алу үшін дайындалған Карашева Жанар Бериковнаның «Болашақ мамандарды бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға даярлау» тақырыбындағы диссертациясы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология факультеті Бастауыш білім беру кафедрасының кеңейтілген мәжілісінде талқыланады. Кафедраның кеңейтілген мәжілісі оффлайн және онлайн форматта өтеді. Диссертация Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалған. Қорғау тілі - қазақ тілі.
ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСШІЛЕР: Амирова Амина Слямхановна - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ (Алматы, Қазақстан); Ali Balci - доктор, профессор, Анкара университеті (Анкара, Түркия).
РЕСМИ РЕЦЕНЗЕНТТЕР: Кульгильдинова Тулебике Алимжановна - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (Алматы қ., Қазақстан); Садуакас Гулбану Темириязовна - педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан); Еркебаева Сауле Жомартовна - философия докторы (PhD), аға оқытушы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы, Қазақстан).
ZOOM: https://zoom.us/j/3884347781?pwd=aQgoDZY6a4Tj27CUXeUND1Ja9WxjIq.1&omn=94485656753 Идентификатор: 388 434 7781 Код доступа: 110500 Мекенжайы: Алматы қаласы, Төле би 31, Педагогика және психология факультеті (2-қабат, 12-кабинет). |