қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
18.04.2019

Сорбонна-Қазақстан Институтының Байқау Кеңесінің отырысы өтті

 

2019 жылдың 18 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде  Сорбонна-Қазақстан Институты Байқау Кеңесінің отырысы өтті.

 

Байқау Кеңесінің отырысына Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры, Байқау Кеңесінің төрағасы Такир Балықбаев, Сорбонна-Қазақстан Институтының директорлары Айнұр Сәбитова, атташе, Қазақстандағы Франция Елшілігінің кеңесшісі Жиль Маметц, INALCO президенті Мануэль Франк (Франция), Француз Республикасының Жаһандану, мәдениет, білім беру және халықаралық даму жөніндегі бас басқармасының Университет және ғылыми әріптестік (Еуропа, Азия, Солтүстік Америка) орталығының жетекшісі Мартина Руссель (Франция), Лотарингия университетінің профессоры, заң факультетінің деканы, әкімшілік және цифрлық құқық саласындағы сарапшы Пьер Тифин (Франция, Метц қ.), Пуатье университетінің профессоры, халықаралық ынтымақтастыққа жауапты  Филипп Рожон (Франция, Пуатье), университет басшылығы мен институттың профессор-оқытушылары қатысты.

 

Іс-шара барысында Такир Балықбаев Байқау Кеңесінде екі елдің білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша талқыланатын мәселелердің Сорбонна-Қазақстан Институты мен серіктес жетекші жоғары оқу орындары үшін маңызы зор екенін айтты. Ол сондай-ақ, Қазақстан мен Францияның жетекші жоғары оқу орындарының арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі - қосдипломдық білім беруді жүзеге асырудың бағдарламасы екендігіне тоқталып, ҚазҰПУ-дың Сорбонна-Қазақстан Институты базасында екі ел арасындағы жүзеге асырылып жатқан бірлескен жобалар туралы айтты.

 

Іс-шара барысында Мануэль Франк, Мартина Руссель алғы сөз сөйлеп, Жиль Маметц, Филипп Рожон, Пьер Тифин және т.б. беделді жоғары оқу орындарының өкілдері баяндама жасады.

 

Күн тәртібінде Сорбонна-Қазақстан Институтының даму жағдайы, Сорбонна-Қазақстан Институтына Париж-Сорбонна және Лотарингия, Пуатье университеттерінің жаңа қосдипломды бағдарламаларын енгізу мәселелері талқыланды.

 

Жиль Маметц Сорбонна-Қазақстан Институтының даму жағдайы, институт құрылымы, мамандықтары, бакалавриат және магистратура бойынша қосдипломдық бағдарламалары мен түлектердің әлеуеті туралы баяндама жасады.

 

Жаңа қосдипломдық бағдарламалардың Сорбонна-Қазақстан Институтына енгізілуіне байланысты Лотарингия және Пуатье университеттерінің өкілдері Пьер Тифин мен Филипп Рожон баяндамаларында ҚазҰПУ-дың Сорбонна-Қазақстан Институтының базасында жоғары білікті мамандарды даярлауға арналған білім және ғылыми зерттеу, тәжірибе алмасу, қосдипломдық бағдарламалар бойынша берілетін мүмкіндіктерді атап өтті.

 

Шетелдік қонақтар ынтымақтастық, жоғары кәсіпқойлық және бәсекеге қабілетті кадрларды сапалы даярлаудағы жемісті жұмыстары үшін ректор Такир Балықбаевқа және институттың со-директорлары Айнұр Сәбитоваға және Жиль Маметцке алғыстарын білдірді.

 

Іс-шара соңында Абай атындағы ҚазҰПУ (СҚИ) және Францияның серіктес университеттері - Сорбонна Париж 13, Лотарингия, Пуатье университеттерімен қосдипломды білім беру бағдарламалары бойынша шарттар жасалды.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім