қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
22.04.2019

ҚазҰПУ ректорының Қазақстандағы Түркия Республикасы Елшілігінің білім беру кеңесшісімен кездесуі


2019 жылы 22 сәуірде Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев Қазақстандағы Түркия Республикасы Елшілігінің білім беру кеңесшісі Абдулмутталиб Четин мырзамен кездесті.


Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев көрнекті қонаққа алғыс білдіріп, университеттің тарихы мен қызметі туралы, түрік университеттерімен қарым-қатынас туралы қысқаша ақпарат берді.

 

Абдулмуталиб Четин мырза да Абай атындағы ҚазҰПУ-н Түркиядағы университеттердің білім беру және ғылым саласындағы байланыстарын дамытуға деген қызығушылығын атап өтті. Абдулмуталиб Четин мырза университетіміздің мінсіз беделін және жоғары сапалы білімін атап өтті және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде оқитын түрік азаматтарының санының көбеюіне үміт білдірді. Сондай-ақ, 2017 жылдан бастап Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің шығыс тілдер және аударма кафедрасында оқытушы болып істейтін Ахи Евран университетінің профессоры, ғалым-зерттеуші Осман Қабадайыға тамаша еңбек жағдайларын жасағаны үшін алғысын білдірді.


Әңгімелесу барысында Түркиядан студенттерді тарту, білім беру көрмелеріне қатысу және қос дипломды білім беру келісімдерін арттыру мәселелері талқыланды. А.Четин бірлескен жобалар мен бастамаларды әрдайым қолдауға әзір екеніне сенім білдірді.

 

 

Халықаралық ынтымақтастық департаменті