Абай ат. ҚазҰПУ-да 2015 ж. 26-28 қазан айында АЗИЯ-ТЫНЫҚ МҰХИТ АЙМАҒЫНЫҢ ЮНЕСКО ОБСЕРВАТОРИЯ ҚАТЫСУЫМЕН «ЮНЕСКО ЖОЛЫМЕН: ӘЛЕМ. КӨРКЕМДІК БІЛІМ. ЖАСТАР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ өтті. Бұл іс шараны ұйымдастырушылары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті және Әбілхан Қастеев атындағы бейнелеу өнері және техникалық дизайн мектебі болды. Белгіленген симпозиумның мақсаты:
• Көркем білім беру аймағының барлық деңгейлерінде (жалпы білім беру және өнер мектебі, бакалавриат, магистратура, докторантура) бойынша тәжірибе алмасу
• Тәжірибе алмасу, Азия-Тынық мұхит аймағы бойынша ЮНЕСКО обсерваториясының қызметінің тұсаукесері
• Мектептерде, колледждерде және жоғары оқу орындарында білім беру және оқу бағдарламаларын жетілдіру мен дамыту жөнінде ЮНЕСКО обсерваториясының бастамаларын талқылау
• Вакансиялар перспективалары мен қолданыстағы обсерваториялар тиімділігін талдау
• Барлық деңгейдегі (жалпы білім беру және өнер мектебі, бакалавриат, магистратура, докторантура) көркемөнер саласындағы білім беру жүйесін жетілдірудің келешегі мен өзара ынтымақтастық үрдістері болып табылды.
Симпозиумның қатысушылары: Қазақстан Республикасы (БҒМ РОӘҚББО) Білім және ғылым Білім министрлігінің Республикалық оқу-әдістемелік қосымша білім беру орталы, Орталық Азиядағы Көркемөнерлік білім туралы ЮНЕСКО сарапшылары, Республикасы көркемөнер мектептерінің және өнер мектептерінің көркемөнер бөлімдері, ҚР көркемөнер саласындағы жоғары оқу орындары, өнер мектептері және өнер мектептеріндегі көркемөнер оқытушылары мен білім алушылары.
Келген қонықтардың арасында келесі азаматтар болды:
білім беру саласында ЮНЕСКО-ның өнер зерттеу орталығы (CARE) басшысы профессор Чи Ху Лум (Сингапур), Алматы қаласындағы ЮНЕСКО-ның Кластерлік бюросының директоры Сергей Аркадьевич Лазарев, И. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры т.ғ.к., доцент Октябрь Эркинович Капалбаев (Қырғызстан), А. С. Пушкин атындағы Ленинград мемлекеттік университеті Философия, мәдениеттану және өнер факультетінің факультетінің деканы филос.ғ.к., доцент Мария Евгеньевна Харитонова (Ресей), Камолиддина Бехзада атындағы Ұлттық өнер және дизайн институтының профессоры Чори Джумаевича Бекмировтың баяндамасы (Өзбекстан), БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Раиса Петровна Шер, Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА «Бейнелеу өнері тарихы мен теориясы» кафедрасының профессоры Ольга Владимировна Батурина (Қазақстан), Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ профессоры Лариса Романовна Золотарева (Қазақстан) және т.б.
Орталық Азиядағы (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан) мәдениетаралық және шығармашылық білім ЮНЕСКО-ның обсерваториясының мүшелері және басқа мемлекеттен келген қонақтардын арасында үлкен іс-шара өткізілді. Ол Сингапур, Ресей, Оңтүстік Корея, Австралия, Қытай және басқа да елдердің өнер саласындағы ЖОО өкілдері бойынша өткізілген халықаралық іс-шара үлкен шығармашылық және ғылыми-ізденіс болып табылды.
Симпозиумның ашылуы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің мәжіліс ғимаратында Өнер, мәдениет және спорт институты профессор-оқытушыларының шығармашылық көрмесімен және «Музыкалық білім және хореография» кафедрасының студенттік оркестрімен басталды (Жамбыл, 25).
Құрманғазының «Балбырауын» мен «Сарыарқа», Сүгірдің «Ыңғай төк», Дәулеткерейдің «Құдаша», Динаның «Әсем қоңыр», Түркештің «Көңіл ашар», Н.Тілендиевтің «Ата толғау» күйлері оркестрдің орындауында; «Жетісаз» фольклорлық ансамбльінің орындауында халық күйлері «Келіншек», «Телқоңыр», бишілер тобы - Қазақ биі, Бұхар биі, Ұйғыр биі атты шығармалары қонақтардың назарында болып қошаиетке ие болды.
Пленарлық отырыста «Әлем. Көркемдік білім. Жастар» тақырыбындағы халықаралық симпозиумды Абай атындағы ҚазҰПУ оқу-әдістемелік ісі жөніндегі проректоры т.ғ.д., профессор Ғабит Капезұлы Кенжебаев тұсауын кесті. Қатысушылар Эрзинджан университетінің ректоры Ильяс Чапоглының (Түркия), Колумбия университетінің профессоры Рафис Абазовтың (Нью-Йорк, АҚШ), Орталық Азия мәдениетаралық және шығармашылық оқыту бойынша ЮНЕСКО обсерваториясының жетекшісі Ханзада Азимханқызы Есенованың т.б. қонақтардың баяндамаларын тыңдады. Университеттің модераторы Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Өнер мәдениет және спорт институтының директоры, п.ғ.д., профессор Берікжан Айткулұлы Әлмұхамбетов болды.
Симпозиумнын жалғасы Ә.Қастеев атындағы Бейнелеу өнері және техникалық дизайн мектебінде жалғасты /мәдениетаралық және шығармашылық оқыту - Орталық Азиядағы мәдениетаралық және шығармашылық оқыту ЮНЕСКО-ның обсерваториясында/.
Симпозиумның екінші күнінде Ұлы Жеңістің 70 жылдығына, ЮНЕСКО-ның 70 жылдығына және Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық онжылдығына арналған «Қазақстан. Балалар әлемді суреттейді» атты ЮНЕСКО альбомды сериясының тұсаукесері, жеңімпаздар жұмысының көрмесі және марапаттау рәсімі болып өткізілінді.
Үшінші күні қонақтардың арасында да Шеберлік сайысының жәрменкесі өткізілді:
1. Қазіргі зама Қытай кескіндемесі, Үрімші сурет академиясының профессоры Дильшат Токен
2. Дәстүрлі түрік жібек өңдеу өнері, Нурсел Караджанлы (Солтүстік Кипр)
3. Дәстүрлі тері өңдеу, Казим Хаджимейлич (Босния)
4. Дәстүрлі қағаз пластикасы, Таида Жасаревич (Босния)
5. Дәстүрлі кескіндеме, Мелиха Тепарик (Босния)
6. Эбру - суда сурет салу, Бедиа Аласали (Стамбул, Турция)
Халықаралық симпозиум «Бесағаш» этно-орталығында Қазақстан Республикасы өнер академиясының өкілдерінің кездесумен жалғасты.