Главная
Новости
20.05.2019 Бабалар сөзі - рухани жаңғырудың қайнар көзі
2019 жылдың 16-17 мамырында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Филология және көп тілді білім беру институтында «Бабалар сөзі - рухани жаңғырудың қайнар көзі» тақырыбында Халықаралық симпозиум өтті. Симпозиумға Қазақстаннан, Түркиядан, Кореядан, ҚХР-нан, Қырғызстаннан, Қарақалпақстаннан түрколог-ғалымдар қатысты.
Симпозиумды өткізудің мақсаты - ұлт тарихына деген мақтаныш сезімін ұялатып, отаншылдық тəрбие беруде ғасырлар елегінен өтіп, бірнеше ұрпақтың жадында ұрандай жатталған бабалар сөзінің рухани сананы жаңғыртуда қосқан үлесін талдау. Ұлы Даланың әлемдік деңгейде танылған ұлы ойшылдарының мұраларындағы әрбір сөзді санаға сіңіру, барша қазақстандықтардың бойында бірлік сезімін қалыптастыру болатын.
Пленарлық жиында және «Бабалар сөзі және түркі тілдерінің ұлттық-мәдени сипаты», «Бабалар сөзі және түркілік әдебиет негіздері», «Бабалар сөзі- ұлы Дала философиясының негізі» тақырыптарында баяндамалар жасалып, түркі өркениеті мен мәдениетінің орталығы болып есептелетін Ұлы Дала ұрпақтарының тарихи санасын жаңғыртуды көздейтін ұлт танымы мен тарихи санаға қатысты мəселелерді жан-жақты ой елегінен өткізді, зерделенді.
Академик С.С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы |