қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
24.05.2019

Саяси қуғын-сүргін құрбандары жадымызда


Ағымдағы жылдың 22 мамырында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «1916 жылға дейінгі қазақтың саны және ашаршылық» тақырыбында белгілі ғалым, унивеситетіміздің түлегі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Омарбеков Талас Омарбекұлымен кездесу өткізілді.


Кездесуді университетіміздің тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Жанатбек Ішпекбаев ашып, Қазақстанда саяси репрессия құрбандарын еске алу күнінің маңыздылығына тоқталып өтті.


Белгілі ғалым Талас Омарбеков қазақ халқының басынан кешкен саяси зұлмат кезеңі туралы мазмұнды баяндама жасады. Ғалым өз баяндамасында 1931-1933 жылғы ашаршылықта 2 миллион 300 мың қазақтың аштықтан қырылғандығы, 1937-1938 жылдары қазақ зиялыларының рухани-моральдық дағдарысқа ұшырап, 103 мың адам қуғындалып, 27 мыңнан астам адам атылғандығын атап өтті.


Өз кезегінде, кездесу қатысушылары ғалымға түрлі сауалдар қойып, ойларын ортаға салды.


Алматы қаласы әкімдігінің жоспарына сәйкес ұйымдастырылған бұл шараға Медеу ауданы әкімдігі және бірқатар қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.


Тағы бір айта кететін жайт, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу мақсатында университетімізде арнайы жоспар құрылып, оларды жүзеге асыру бойынша шаралар кешені ұйымдастырылуда.

 

   

 

   

 

   

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстары және

жастар саясаты департаменті