қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
28.05.2019

Қазақстан ЖОО-да кәсіпкерлік курсын енгізбек


Қазақстанның жоғары оқу орындарында кәсіпкерлік білім беру бойынша пилоттық жобалар енгізілуде. Жастардың бизнес-дағдыларын ынталандыруға бағытталған жаңа оқу курстарын кезең-кезеңмен енгізу жоспарланып отыр. Бүгінде республиканың 60 ЖОО-да «Кәсіпкерлік негіздері» курсы енгізілді. Айта кету керек, оқуға тек студенттерді ғана емес, сонымен қатар профессор-оқытушылар құрамы да тартылатын болады. Осы саладағы үздік тәжірибелерімен және трендтерімен Қытай, Ресей, Британия, Германия, Еуропа және Азия елдерінің мамандары бөліседі. Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанның білім беру жүйесіндегі инновациялар кадрларды даярлау сапасын, олардың біліктілігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттырып қана қоймай, республикада кәсіпкерліктің дамуына да оң ықпал етеді.

 

ГҮЛМИРА ҚҰРҒАНБАЕВА, «ALMATY MANAGEMENT UNIVERSITY» РЕКТОРЫ:

 

- Біз қазір әрбір оқу орнында кәсіпкерлік білім беру қажет екенін көріп отырмыз. Креативтілік, ойлау дизайны сияқты кәсіпкерлік дағдылар - ХХІ ғасырда қажет дағдылар. Оларсыз қазіргі жастардың бәсекеге қабілетті болуы мүмкін емес. Қазір жастар өздерінің стартап-жобаларын әзірлеуде. Олар түрлі салаларды қамтиды. ІТ, ритейл, білім беру, туризм бағыттары да бар.

 

ТАКИР БАЛЫҚБАЕВ, АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ:

 

- Инновациялық экономиканы дамыту әлемдік экономиканы дамытудың басты тренді болып табылады. Сондықтан әлемнің жетекші елдері мен жетекші әлемдік компаниялар бірінші кезекте инновациялық экономикада табысқа жетеді. Сондықтан осы бағытта кәсіпкерлік білім беру бүгінде негіз беріп, біздің жоғары оқу орындарының инновациялық экономикаға белсенді араласуына мүмкіндік береді.

 

 

28.05.2019 ж.

Ақпарат көзі: kazakh-tv.kz