Главная
Новости
11.06.2019 Ғылыми жарияланымдардың сапасы, оқытушылардың кәсіби қызметінің мәселелері және оларды шешу жолдары
Бірінші сессия. «Ғылыми жарияланымдардың сапалық мәселелері және оларды шешу жолдары» тақырыбында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Ғылым департаментінің директоры Саябек Сахиев семинар өткізді. Семинарға 109 докторанттар мен олардың ғылыми жетекшілері қатысты. Докторанттар ғылыми мақалаларды жазу, қазақстандық және шетелдік басылымдарда шығару талаптарымен таныстырылды. Ғылым саласын нығайтудағы департаменттің докторанттармен және олардың ғылыми жетекшілерімен өзара әрекеттесуі туралы пікір алмасты. Семинар докторанттарға диссертацияны қорғауға даярлау туралы өз білімдерін жетілдіруге мүмкіндік туғызды.
Екінші сессия. Жазғы мектепті ұйымдастырушылардың шақыруымен Тұран университетінің профессоры Светлана Исламгулова оқытушылардың кәсіби дамуындағы өзекті мәселелер туралы «Студенттермен семинар сабақтарын өткізу» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді.
Қазіргі заманғы білім беру парадигмадағы мұғалімнің рөлін өзгерту мәселесі, практикалық тәжірибедегі семинарлардың түрлері және қолдану формалары қарастырылды. Сонымен қатар оқу процесін жобалау бойынша шығармашылық зертхананың материалдарын, семинарларды бағалау жүйесімен таныстырылды. Профессор оқытушылардың шеберлік-сыныпта ұсынған материалдарына қызығушылық танытып, студенттерді өнімді оқыту ісіне және шығармашылық тәуелсіздікке ынталандырудың маңыздылығына назар аудару керектігін атап өтті.
Біліктілікті арттыру және қашықтықтан білім беру орталығы
|