қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
04.12.2015

Қазақ білімнің қарашаңырағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Жолдау жаппай тыңдалды

 

2015 жылдың 30 қарашасы күні Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады.
Жолдауды жаппай тыңдау университетіміздің 7 оқу ғимаратында ұйымдастырылды. Жаппай тыңдауға университетіміздің Бірінші проректоры М.Е. Ермағанбетов, Тәрбие ісі жөніндегі проректор Ж.Е. Ішпекбаев, оқу ісі жөніндегі проректор А.Т.Құлсариева, ғылыми ісі жөніндегі проректор В.Н. Косов бастаған 3000 жуық профессор-оқытушылар құрамы мен студент-жастары қатысты. Атап айтқанда, Бас оқу ғимаратының үлкен және кіші конференц-залдарында, Сорбонна-Қазақстан институтында, Тарих және құқық институтында, Көптілді білім беру институтында, Физика, математика және информатика институтында, Педагогика және психология институтында, Жаратылыстану және география институтында жаппай тыңдау ұйымдастырылды.
Елбасының бұл Жолдауы еліміздің әлемдегі болып жатқан дағдарысқа қарсы іс-қимылдары мен келешек жоспарларына арналды.

 

 

 

 

 

Ақпаратты дайындаған: Тәрбие жұмысы, жастар саясаты және

мемлекеттік тілді дамыту басқармасы